3–7 қараша аралығындағы валюта нарығы: Теңге күшейіп, доллар арзандады
Фото: freepik.comБиыл 3-7 қараша аралығындағы валюта валюта бағамының нәтижелері белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Апта бойы теңге айтарлықтай нығайды. Долларға қатысты ең төменгі көрсеткіш 4 қараша күні тіркеліп, 1 доллар – 522,5 теңге болды. Ең жоғарғы көрсеткіш 3 қарашада тіркелді. Ол кезде көрсеткіш – 528,3 теңге болды. Апталық ауытқу диапазоны 5,8 теңге. Апта бойынша орташа айырбас бағамы 525,7 теңге деңгейінде тұрақтады. Бұл ұлттық валютаның пайдасына қарай тепе-теңдік болмағанын көрсетеді.
Саудадағы өтімділік жоғары деңгейде сақталды. Орташа тәуліктік көлем – 277,6 миллион доллар болды. Ең төменгі көлем 7 қарашада 196,9 миллион доллар болса, ең жоғарысы 4 қараша күні – 355,7 миллион доллар болды. Сауда белсенділігі аптаның алғашқы жартысында ең жоғары деңгейге тірелсе, жұмаға қарай біртіндеп төмендеді.
Фото: Telegram-арна TengenomikaСыртқы фон жалпы алғанда “бейтарап долларлық” сипатта болды. DXY доллар индексі 100 шамасында тербеліп, сәрсенбіде 100,2-ге дейін көтерілді. Ал жұмаға қарай 99,63 деңгейінде түзетілді.
Қазанның соңы мен қараша айының басында доллар нарықта ірі көлемде сатылды. Болжам бойынша, сатылым көлемі әдеттегіден 500 миллион долларға жоғары болған. Мұндай операциялар теңгенің нығаюына ықпал етіп жатыр. Бұл азаматтар үшін жағымды. Десе де келесі апта жағдай мүлде басқа болуы мүмкін. Егер сатылым жалғасса, теңге одан әрі нығаяды. Егер тоқтаса, бағам үкімет ұстанып отырған 540 теңге деңгейіне қайта оралуы ықтимал.
Айта кетейік, бұған дейін сарапшылар Қазақстанда доллар қарашада қымбаттай мадеген сауалға жауап берген еді.










