Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ел мерейін үстем етер спорт мектебі

Ел мерейін үстем етер спорт мектебі

Қазыналы Қазалы ауданы тамыры терең тарихынан бөлек, топырағында талай мықтыны тәрбиелеп шығарған спортшыларға да бай өлке. Қазалылық жас өрендер өткен жылы Әлем чемпионаттарынан 1 алтын, 4 күміс, 7 қола жеңіп алса, Азия чемпионаттарынан 3 алтын, 28 күміс, 47 қола, ал ҚР чемпионаттары мен кубоктарынан 30 алтын, 28 күміс, 47 қоланы қоржынға салды.
Соның ішінде, Қазалы ауданындағы №17 олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі ел мерейін үстем етер чемпиондарды шығаруда қажырлы еңбек етіп келеді. Бүгінде бұл мектеп спорттың 12 бағыты бойынша 1644 баланы кәсіби бағытта жаттықтырады. Ал, жаттықтырушылар саны – 48.
Атап айтсақ, ауыр атлетикада – 2 жаттықтырушы, 60 спортшы, баскетболда – 2 жаттықтырушы, 88 спортшы, бокста – 5 жаттықтырушы, 152 спортшы, волейболда – 6 жаттықтырушы, 238 спортшы, гандболда – 2 жаттықтырушы, 48 спортшы, грек-рим күресінде – 15 жаттықтырушы, 462 спортшы, дзюдода – 3 жаттықтырушы, 106 спортшы, еркін күресте – 1 жаттықтырушы, 42 спортшы, таеквондода – 2 жаттықтырушы, 84 спортшы, үстел теннисінде – 2 жаттықтырушы, 64 спортшы, футболда – 5 жаттықтырушы, 206 спортшы, қазақ күресінде – 3 жаттықтырушы, 94 спортшы бар.
Ал жаттықтырушылардың ішінде, біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты жаттықтырушылар саны - 6, біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушылар саны – 5, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушылар саны – 8.
Қазалылық спортшылардың тыңғылықты дайындығы нәтижесінде 2024 жылы Әлем чемпионаттарынан 1 алтын, 4 күміc, 4 қола медаль, Азия чемпионаттарынан 1 алтын, 3 күміс, ал Қазақстан Республикасының чемпионаттарынан 26 алтын, 15 күміс, 24 қола жүлдені жеңіп алды. Сонымен қатар, мектептің 2 спортшысы ҚР спорт шебері нормативін сәтті орындады. Жоғарыда аталған спорт мектебі балаларды 6 жастан бастап ақысыз негізде қабылдайды.
Жеке сұрақтарыңыз бойынша мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Нарбота Есқалиевке 8702-264-57-14 номеріне хабарласуларыңызға болады.
14 ақпан 2025 ж. 278 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31