Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Қазақстан халқына» қорымен әріптестік байланыс жалғасады

«Қазақстан халқына» қорымен әріптестік байланыс жалғасады

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев «Қазақстан халқына» ҚҚ басқарма төрағасы Ләззат Шыңғысбаевамен кездесті. Кездесуде қордың Сыр елінде атқарған, қолға алған жұмыстары сараланды.
«Мемлекет басшысының бастамасымен құрылған «Қазақстан халқына» қоры арқылы Сыр елінде 4,8 млрд. теңгенің денсаулық сақтау жобалары қаржыландырылды.
Бұл қаржыға Арал, Жаңақорған аудандары мен Қызылорда қаласында «Қамқорлық» оңалту орталықтары ашылды. Оған қоса 1 млрд. 100 млн. теңгеге скрининг жүргізуге арналған жылжымалы медициналық кешендер алынды. Бүгінде кешендер шалғай елді мекендер тұрғындарына тұрақты медициналық қызмет көрсетуде. Сыр еліне қор арқылы көрсетілген қолдаулар үшін жерлестеріміздің атынан алғыс білдіреміз», – деді Н.Нәлібаев.
Сонымен қатар, қор қаржысына сирек кездесетін, онкологиялық және онкогематологиялық ауруға шалдыққан науқастарға дәрі-дәрмек, перинаталдық орталық пен аудандық ауруханаларға диагностикалық линзалар, офтальмоскоптар мен офтальмологиялық лазерлер, басқа да құрал-жабдықтар сатып алынды. Қан тамырлары патологиясы бар балалар емделді. Генетик, УДЗ маманы, трансплантология үйлестірушісі білім жетілдірді. Көз қабығын ауыстыруды қажет ететін науқастардың еміне қаржы қаралды.
Басқосуда Ләззат Шыңғысбаева «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры мен Қызылорда облысы арасындағы жолға қойылған тұрақты әріптестік байланыс одан әрі жалғасатынын жеткізді және алдағы уақытта Сыр өңірінде жүзеге асырылатын жобаларды талқылады.
Айта кетейік, бүгін Шиелі ауданының Досбол би ауылында «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен салынған спорт кешенінің ашылу рәсімі өтті.
Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
13 ақпан 2025 ж. 244 0

Ауданда ахуал тұрақты

20 сәуір 2025 ж. 111

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

19 сәуір 2025 ж. 109

Ерліктің ерен үлгісі

19 сәуір 2025 ж. 107

Жазықсыздың наласы

19 сәуір 2025 ж. 96

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930