Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Баймұрат батыр ауылында жаңа амбулатория ашылды

Баймұрат батыр ауылында жаңа амбулатория ашылды

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорда қаласына қарасты Баймұрат батыр ауылындағы ауысымына 25 келушіге арналған дәрігерлік амбулаторияның ашылу рәсіміне қатысты.
Аймақ басшысы ауыл тұрғындарын жаңа нысанның пайдалануға берілуімен құттықтап, денсаулық сақтау саласындағы келелі істерге тоқталды.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы денсаулық сақтау саласына айрықша көңіл бөліп, халыққа арнаған Жолдауында «Ұлт саулығы жақсы болса ғана, қоғам орнықты дамиды» деген еді. Өздеріңіз білесіздер, көпбейінді облыстық аурухана базасындағы магнитті-резонанстық томография, яғни МРТ аппараты бұзылып, 2016 жылдан бері осы құрал-жабдық болмады. Біз бұл мәселенің шешімін табу үшін бюджеттен қаржы бөліп, биыл 646 млн теңгеге аталған аппаратты алдық. Облыстық перинаталдық орталықтың жүктемесін азайту, жас аналардың медициналық көмекке қолжетімділігін арттыру үшін 1 млрд теңгеге 70 орындық перинаталдық бөлім жасақталды. Бұл – халық денсаулығын жақсарту бағытындағы жұмыстардың бір бөлігі ғана», – деді Нұрлыбек Машбекұлы.
Іс-шарада Денсаулық сақтау ісінің үздігі Тұрғанбай Маханов жерлестерін құттықтап, игі тілегін білдірді. Сондай-ақ, мердігер мекеме өкілдері мен ауыл азаматтары марапатқа ие болды.
Айта кетейік, амбулатория құрылысын «Бақ-Береке – 2030» ЖШС салды. Құрылыс өткен жылдың шілде айында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы шеңберінде басталған. Амбулаторияда 9 қызметкер, яғни, 1 дәрігер, 5 орта буын және 1 кіші буын медициналық қызметкер, 2 техникалық қызметкер бар. Дәл осы бағдарламамен өткен жылдың қыркүйек айында Қызылорда қаласы Досан елді мекеніндегі медициналық бекет іске қосылды.
Өңірдің медицина саласында жаңа, ауқымды жобалар жүзеге асуда. Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында құны 11 млрд теңгені құрайтын 27 нысан салынуда. Өткен жылы елді мекендерде 15 жаңа дәрігерлік амбулатория, 1 медициналық бекет ел игілігіне табысталды. Биыл қалған 11 нысан және 1 ауылдық аурухана, Арал, Қазалы, Шиелі, Жаңақорған ауданаралық көпбейінді ауруханалары жанынан қосымша құрылыстар салынады.
Қызылорда қаласында 36 млрд 400 млн теңгеге бір ауысымда 100 келушіге арналған емхана және онкологиялық бөлімшесі бар 300 орындық көпбейінді аурухананың құрылысы басталды. Құны 2 млрд 900 млн теңгені құрайтын Қан орталығы Медицина қызметкерлері күні қарсаңында пайдалануға беріледі.
2022 жылы облыстық медициналық жедел жәрдем стансасына 45 жедел жәрдем көлігі алынып, 100 пайыз автокөлікпен қамтамасыз етілді. Өткен жылы денсаулық сақтау ұйымдарына 512,5 млн теңгеге 25 жаңа санитарлық автокөлік табысталды. Облыс тұрғындарының сұранысына сәйкес биыл барлық елді мекендердегі денсаулық сақтау ұйымдарына 200 санитарлық автокөлік алынады.
Өткен жылы 9 медициналық нысанға күрделі жөндеу жүргізіліп, 5 нысанның жылу жүйесі газға ауыстырылды. Бұл жұмыстарға 3 млрд 700 млн теңге қаралды. Жақын күндері Жаңақорған ауданындағы көпбейінді аудандық орталық аурухана базасында «Қамқорлық» оңалту орталығы жұмысын бастайды.
Медицина саласын дамытуға бюджеттен тыс ресурстар да тартылуда. «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры соңғы екі жылда Сыр өңірінің әлеуметтік саласына 4 млрд теңгеге жуық қаржы бөліп, оның 2 млрд теңгесі денсаулық сақтау саласына бағытталды. Бұл қаржыға облыстық балалар ауруханасы базасында «Қамқорлық» реабилитациялық орталығы ашылып, қымбат дәрі-дәрмек, 1 млрд 100 млн теңгенің онкологиялық скрининг жүргізуге арналған жылжымалы медициналық кешені алынды. Мұндай жылжымалы кешен еліміздегі 3 облыста ғана бар. Бүгінде аталған кешен аудандар мен шалғай елді мекен тұрғындарын медициналық тексеруден өткізуде.
Биыл қызылордалық дәрігерлер шет мемлекеттердің озық клиникаларында біліктілігін арттыруға мүмкіндік алды. Бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен 80 млн. теңге бөлінді.
Қазір 10 реаниматолог және 5 кардиолог маман Қазақстанның Түркиядағы бас консулының қолдауымен сол елдегі жетекші медициналық ұйым саналатын «Мемориал» клиникасында тегін біліктілігін арттыруда.
Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
18 сәуір 2024 ж. 251 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031