Мұздағы қауіпсіздік шаралары мен іс-қимыл ережелері

Дегенмен азаматтардың қарлы күндері балық аулау, мал іздеу кезінде адасу жағдайлары, мұз үстінен өту кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтамау салдары және тағы да басқа жағдайлар орын алуы азаяр емес.Қыс мезгілі басталғаннан бері облыс бойынша су айдындарында мұз үстінен жаяу өту және автокөлікпен жүру кезінде қауіпсіздікті сақтамау салдарынан суға кеткен жағдайлары, мұз үстінде балықшылардың балық аулау кезінде жоғалуы, далалы жерде адасу жағдайлары жиі орын алуда.
Мұз үстінде сақ бола отырып, Сіз өз өміріңізді сақтайсыз! Мұқият және абай болу кез-келген күтпеген жағдайды оңтайлы шешуге көмегін тигізеді Осындай жағдайлардың алдын алу, және сақтану мақсатында Қазалы ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі төмендегі қауіпсіздік ережелерін ұсынады:
• Жұқа, қатпаған өзен, көл, канал, арықтар мен су қоймаларында мұз үстіне шықпаңыз;
• мұз жүрген кезде мұз үстімен қайықпен суда жүрмеңіз;
• мұз өткелдерінде аса сақ болыңыз, ескерту қалқандары мен хабарландыруларды мұқият оқып жүріңіз;
• мұз жүрген кезде жағалау жанында балалардың ойнауына жол бермеңіз.
• жоғарыдағы қауіпсіздік шаралары жайлы балаларға үнемі ескертіңіздер.
Егер, аяқ астыңыздағы мұз опырып түсіп, айналаңызда ешкім болмаса – дүрбелең салмай, екі қолды екі жаққа жайып, мұз ернеуіне тіреліңіз, және арқаңыз немесе ішіңізге баяу жатыңыз, қатты мұздың үстіне шығып, келген жаққа бағыт алыңыз.
Егер, өзіңіз біреуге қол ұшын берсеңіз, онда міндетті түрде зардап шеккен адамға судан шығару үшін таяқ, белдік, шарф және т.б. беріңіз. Соңынан, зардап шеккенді жылы жайға апарып, құрғатып, киім-кешектерін ауыстырып, ыстық шәй беру қажет.Қажет болса, емдеу мекемесіне жеткізу керек.
Қыс мезгілінде мұз үстінде жүру кезінде абай болыңыз! Өз өміріңізді қауіп-қатерге тікпеңіз!
Егер, Сіз, апат, жазатайым оқиғаның куәгері немесе өзіңіз қиын жағдайға душар болсаңыз, «101» немесе «112» шұғыл қызметтерді шақырудың бірыңғай нөміріне дереу қоңырау шалыңыз. Қоңыраулар кез келген байланыс құралдары арқылы (телефон, ұялы телефон) тәулік бойы және тегін қабылданады.
Шапағат Нұржанұлы,
Қазалы ауданының Төтенше
жағдайлар бөлімінің бас маманы
азаматтық қорғау майоры