Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » АҚШ-тағы мигранттардың жағдайы қиындады

АҚШ-тағы мигранттардың жағдайы қиындады

Фото: aa.com.tr
Трамп қызметіне кіріскеннен кейін бір аптадан соң АҚШ-тан 7,5 мыңға жуық заңсыз мигрант ұсталып, елден шығарылды.
Дональд Трамп президенттік қызметіне кірісе салысымен көші-қонды реттеу жөніндегі 20-ға жуық жарлыққа қол қойды. Содан бері елде күніне жүздеген рейд жүргізіліп, мемлекетке заңсыз кірген мыңдаған мигрант қамауға алынды, - деп хабарлайды Aikyn.kz 24kz-ке сілтеме жасап.
Тіпті, тәртіп бұзбағандар да жауапқа тартылып, Трамптың қатаң саясатының зардабын тартып жатыр.
АҚШ-тың жаңа билігі заңсыз миграциямен күресті күшейткеннен бері, босқындардың жағдайы қиындады. Полиция көшеде құжатсыз жүргендерін көрсе бірден ұстап, қамап тастайды. Ірі қалаларда рейдтер көбейді. Осы себепті елге заңсыз кіргендердің зәре құты қашқан. Америка азаматтығын алмағандар да ерте ме, кеш пе елден шығарыламыз ба деп алаңдайды. Сондықтан кей отбасылар балаларын мектепке жібермей отыр.
Трамп қызметіне кіріскеннен кейін бір аптадан соң АҚШ-тан 7,5 мыңға жуық заңсыз мигрант ұсталып, елден шығарылды. Олардың дені Мексика, Венесэула, Гондурас, Гватемала азаматтары. Бірақ кейінгі уақытта депортациялау қаражат жетіспеушілігінен саябырлаған.
Ақпарат құралдарының хабарлауынша, келімсектерді өз еліне қайтару үшін 86 миллиард доллар қажет.
- Мигранттар мәселесінде негізінен ұлттық қауіпсіздікке баса мән беріледі. Елде заңсыз жүрген адам қоғамдық тәртіпті бұзып, басқа да қауіп-қатер төндіруі мүмкін. Сондықтан мұндай азаматтар бірден ұсталып, заңға сай жауапқа тартылуы тиіс. Бірақ қазір оларды қамауда ұстау үшін арнайы орындар жетіспейді. Жалпы, 100 мың адамға төсек-орын қажет, - дейді бас шекарашы Том Хоман.
АҚШ-та Трамп әкімшілігіне дейін де заңсыз мигранттарды депортациялау жүргізілген. Жергілікті Көші-қон полициясының мәліметі бойынша, Джо Байден басшылық еткен жылдары 1,5 миллионға жуық мигрантты мәжбүрлеп депортациялау туралы бұйрық берілді. Барак Обаманың кезінде 3 миллион адам елден шығарылған. Ал соңғы дерекке сүйенсек, қазір АҚШ-та 11 миллион адам заңсыз тұрып жатыр.
03 ақпан 2025 ж. 250 0

Ауданда ахуал тұрақты

20 сәуір 2025 ж. 110

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

19 сәуір 2025 ж. 108

Ерліктің ерен үлгісі

19 сәуір 2025 ж. 106

Жазықсыздың наласы

19 сәуір 2025 ж. 95

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930