Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттер сараланды

Атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттер сараланды

Kyzylorda-news.kz Кеше Тасбөгет кентінің әкімі Айдын Тыныштықбай бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне өткен жылы салада атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар бойынша баспасөз конференциясын өткізді.

Өткен жылы кенттің инфрақұрылымын дамыту бағытында мемлекеттік бюджет, демеуші көздері және инвестиция есебінен бірқатар ауқымды жобалар жүзеге асты. Атап айтсақ, кенттегі әлеуметтік нысандар орналасқан 6 көшеге жаяу жүргіншілер жолы салынып, Сабалақ саяжайының 22 көшесіне, сондай-ақ, кенттегі 6 көшеге түнгі жарық бағаналары орнатылды. Сонымен қатар, Ә.Оразбаев көшесінің 1,8 шақырым бөлігіне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Е.Ертуғанов, Ш.Есенов, А.Иманов көшелері абаттандырылды. Наурыз және Тасарық шағын аудандарындағы 10 үйдің шатыры жөндеуден өтті.

Тұрғындардың сұранысын қанағаттандыру мақсатында кент әкімі аппаратының үнемделген қаржысы есебінен Ғ.Мұратбаев, Қ.Баймағанбетов, Т.Жүнісов, Ә.Молдағұлова көшелеріне 12 дана, Сабалақ саяжайына 2 дана аялдама орнатылды.

– Өткен жылы Сабалақ саяжайы тұрғындарының көптен бері көтеріп келген мәселесі аймақ басшысының тікелей қолдауымен оң шешімін тауып, саяжайға көгілдір газ желісін жүргізу үшін 3 кезеңнен тұратын жоба дайындалды. Жобаның жалпы құны 3 млрд. теңгені құрайды. Бүгінде саяжайдың ішкі газ желілерін тарту жұмыстары жүргізілуде, - деді кент әкімі Айдын Маратұлы.

Биылғы жылы да кенттің инфрақұрылымын дамыту бағытында бірқатар жобалар әзірленген. Оның ішінде, кенттегі 4 көшеге орташа жөндеу, Сабалақ саяжайына жаяу жүргіншілер жолын салу, 2 дана балалар ойын алаңын салу, жаңа бейітті қоршау, 16 көпқабатты тұрғын үйдің шатырына жөндеу жұмыстарын жүргізу, кент көшелерін жарықтандыру сынды жобалар қамтылған. Аталған жобалар қаржылай қолдау тапқаннан кейін тиісті құрылыс жұмыстары бастау алмақ.

– Өздеріңізге белгілі, кәсіпкерлік саласын дамыту жұмыс орындарын ашып қана қоймай, экономикамыздың одан әрі өсуінің көрсеткіші болып табылады. Биыл да көптеген тұрғындарымызға мемлекеттік бағдарламалардың игілігін пайдаланып, кәсіптерін ашуға, кеңейтуге кеңес берілді. Нәтижесінде 74 тұрғын өз жобаларын сәтті қорғап, 626,2 млн теңге көлеміндегі қаржылай қолдауға ие болды, - деп қорытындылады кент әкімі.
30 қаңтар 2025 ж. 62 0

Жыр төгілген кеш

30 қаңтар 2025 ж. 57

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031