Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Көрікті көше – кент келбеті

Көрікті көше – кент келбеті

Аудан әлеуетін арттырып, кент келбетін көркейту, тұрғындар тұрмысын түзету мақсатында Қазалы ауданының орталығы – Әйтеке би кентінде келелі істер атқарылуда. Уақыт ағымымен ауқымды шаралар қолға алынып, жүйелі жұмыстың жүргізіліп жатқандығы көзге көрініп-ақ тұр. 
Әйтеке би кентінде 208 көше бар. Кентішілік жолдардың ұзындығы 157,07 шақырымды құрайды. Оның ішінде 64,66 шақырым болатын 57 көшеге асфальт қабаты төселсе, 76 шақырым 125 көшеге қиыршық тас қабаты төселген. Қалған 16,41 шақырым болатын 26 көше топырақты.
2023 жылы кентішілік 20 көшенің автожолын орташа жөндеу жұмыстарының сметалық құжатқа сәйкес облыстық бюджеттен 131 миллион 640 мың теңге бөлініп, мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілді. Конкурс бойынша мердігер мекеме «Намыс –Құрылыс» ЖШС анықталып, Қазіргі таңда ұзындығы 10 шақырымды құрайтын 20 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Қ.Баймаханов, С.Байкөбеков, К.Әзербаев, Е.Төлепов, 2 кварталдағы 1 көшеге, 6 кварталдағы 1 көше, Арыстан баб, Т.Айбергенов, М.Мақатаев, Құрманғазы, Б.Момышұлы, М.Дулатов, Н.Есбосынов, Қ.Бекетаев, Ғ.Мүсірепов көшелері және Бегім ана, Әбілқайырхан, Достық, Ақан сері, Жалаңтөс батыр тұйық көшелеріне қиыршық тас қабаты төселген. 
Сонымен қатар «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен бөлінген қаржыға ұйымдастырушы аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі арқылы Т.Әубәкіров, М.Әуезов, Әлфара би, Асан қайғы, Ы.Алтынсарин, О.Жанәділов, Ә.Жангелдин, Жалдыбай жырау, С.Сейфуллин, Достық тұйығы көшелеріне асфальт қабатын төсеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар Нұрбай би, Қ.Сансызбаев көшелеріне асфальт қабатын төсеу жұмыстары жүргізілуде 
– Алдағы уақытта автожолдарды жөндеу жұмыстары жүргізу үшін Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің «Автомобиль жолдары комитетінің хабарламасына сәйкес аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің 2023 жылғы 04 сәуірдегі № 01-5/258 санды қатынас хатында ведомстволық сараптамадан өтпеген жобалар қаржыландырудан тыс қалатындығын білдіруде. Осыған байланысты алдағы уақытта жоғарыда аталған жобаларды қаржыландыру үшін бірінші кезекте жоба алды іздестіру (ПИР) нәтижесімен жоба-сметалық құжаттар әзірлеуге қаржы қарастыруды қажет етіп отыр. 
Осыған байланысты асфальт қабатын төсеу жұмыстары бойынша аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің сұранысы бойынша 25 көшеге орташа  жөндеуге көше тізімі жолданып, қазіргі таңда жоба-сметалық құжаттары мемлекеттік сараптамадан өткізілді. Алдағы уақытта жобаларды іске асыру үшін бюджеттік комиссияға қаржыландыру үшін ұсынылады, – дейді Қ.Орынбасаров. 
2023 жылға Желтоқсан көшесі 1,4, Р.Бағланова көшесі 0,490 шақырым сондай -ақ 5 қабатты 3 тұрғын үйлер ауласы және В.Счастнов-Желтоқсан көшелері бойындағы 2 қабатты тұрғын ауласына жаяу жүргіншілер жолына қаржы бөлініп, тиісті жұмыстар атқарылып, пайдалануға берілді. 
Бұл жұмыстарды жалғастыру мақсатында Р.Сабырбаев, Т.Бокин, Т.Бөріқұлақов, Е.Көшербаев, Біржан сал көшелеріне алдын ала жобалық іздестіру жұмысына құжаттары әзірленді. Алдағы уақытта 2024 жылы жоспарға енгізіліп, қаржыландыру үшін ұсынылуда. 
Биылғы жылы аудандық бюджеттен қаржыға сәйкес Қ.Сатбаев көшесі түнгі жарық шамдар орнатылды. Сонымен қатар Р.Сабырбаев көшесі түнгі жарық шамдар орнатылуда. 
Қобыланды батыр көшесіндегі №19 және Қ.Ерімбет көшесіндегі №84 мекен жайдағы екі қабатты тұрғын үйдің ауласына қоғамдық әжетхана, септик орнату жұмыстары атқарылды. Осындай екі қабатты көп пәтерлі тұрғын үйлер иелері ішкі әжетхана болмағандықтан әр тұрғын жеке әжетхана салып алған. Бұл кенттің сәулеттік келбетіне кері әсерін тигізіп жатқандықтан бұл жұмыстар жалғасын табады. 
Қазіргі таңда Әбілқайырхан №192 және Т.Айбергенов №2 мекен жайдағы көп пәтерлі тұрғын үйлерге қоғамдық әжетхана салынуда. Төремұрат жырау көшесінің бойына баларлар ойын алаңын салуға, сонымен қатар Ж.Сайн, Т.Қашқынбаев көшелерінің бойына кіші футбол алаңдары орналастыруға қаржы бөлініп, қазіргі таңда мердігер мекемемен келісім шарт жасалуда. Қазан айында құрылыс жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілетін болады. 
№249 мектеп-лицейге келетін көлік саны көп болғандықтан мектеп алдындағы автотұраққа көліктер сыймағандықтан автожолға тоқтап, көлік кептелісі орын алуда. Осы орайда мектеп-лицей жанына көлемі 20х40 метр болатын автотұрақ орны салынып жатыр. 
Ұлболсын ЕРБОЛҚЫЗЫ

30 қыркүйек 2023 ж. 204 0

Мен өмірді қалаймын

12 қараша 2024 ж. 68

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930