Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Өркенді істің өрісі

Өркенді істің өрісі

Өткен аптада аудан әкімі Әйтеке би кентінің тұрғындарымен кездесу өткізді. Өткен айда басталған халық алдындағы есеп беру жиынының қорытынды кездесуінде Мұхтар Оразбаев 2022 жылы жүзеге асырылған оң өзгерістерді баяндап, алдағы атқарылар ауқымды бастамаларға тоқталды. Тұрғындар ел ішіндегі жыл сайын атқарылып жатқан жүйелі жұмыстарды көзбен көріп, көңілдері бірленіп қалды.
Жол жайы жақсармақ
Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылдың қыркүйегіндегі Жолдауында елдегі автожолдардың жай-күйіне қысқа да нұсқа тоқталып өткен. Айта-айта жауыр болған бұл мәселені Мемлекет басшысы Үкіметке 2025 жылға дейін шешуді тапсырған еді.
– Автожол құрылысына, соның ішінде жергілікті жолдардың сапасына баса мән беру керек. Бюджеттен қыруар қаржы бөлінсе де, бұл мәселе әлі шешімін таппай отыр. Мен 2025 жылға дейін жергілікті жолдардың кемінде 95 пайызын жақсарту жөнінде тапсырма бердім. Үкімет бұл мәселені тікелей бақылауға алсын. Жол құрылысындағы заңсыздықтарды анықтау қажет. Бұл жұмыстан нақты нәтиже шығару керек, – деген еді Президент.
Ауданда осы тапсырма бойынша көптеген көшелер күрделі жөндеуден өтіп, жарық шамдар да қойылған. Нақтырақ айтсақ, өткен жылы Әйтеке би кентінде 10 көшеге орташа жөндеу жүргізіліп, 3 көшеге жаяу жүргіншілер жолы салынып, 4 көшеге түнгі жарықшамдар орнатылды.
Сонымен қатар биыл Аймақаш мөлтек ауданындағы жаңа кварталдарды жолмен қамтамасыз ету жұмыстары басталды.
Жанқожа батыр мен Әйтеке би көшелері қайта жаңғыртылмақ. Ол үшін жобасы ­дайындалып, мемлекеттік бағдарлама аясында қаржыландыруға ұсынылды. Биыл Әйтеке би кенті бойынша 37 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Міне осылайша ауданда жол жайы жақсарып келеді.

Аудан әлеуеті артып келеді
Бірнеше жылдан бері Қазалыда зәулім ғимараттар мен осындағы спотсүйер қауымның ұсыныс-пікір, өтініштері тыңдалып келеді. Соның нәтижесінде ауданда кпөтеген істер қолға алынған.
Кент пен қала аралығындағы 600 гектар жерге ауыз су, электр, жол жүргізу үшін жоба құжаттары әзірленді. Кент аумағынан 4 спорт алаңы ашылды. Алда «Жеңіс» саябағынан спорт кешенін салу ­жоспарлануда.
Көп қабатты 4 тұрғын үй күрделі жөндеуден өтеді. Өткен жылы басталған 18 пәтерлі 6 жалдамалы үйдің аумағын абаттандыру жұмыстары биыл толық аяқталмақ. Билғы жылдың басында алға қойған мақсат-мұрат, атқарылар істер әзірге осы. Алдағы аудан әлеуетін әлде де арттырар шаруалар легімен жүре-бара таныса бермекпіз.
Кездесу соңында аудан басшысы кент тұрғындарының ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Өз кезегінде тұрғындар өткен жылы ауданда атқарылған жұмыстарға оң бағаларын беріп, жаяу жүргіншілер жолын салу, жол кедергілерін орнату, түнгі жарықтандыру, қоғамдық көлік туралы өтініш-тілектерін жеткізді. Мұхтар Әуесұлы айтылған мәселелердің алдағы уақытта кезең-кезеңімен шешу жолдары қарастырылатынын жеткізді.
Сондай-ақ аудан әкімі құқық қорғау органдарының басшыларымен бірге азаматтарға жеке қабылдау жүргізді. Тұрғындардың талап-тілектерін тыңдап, кент әкімі мен тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар берді.
Айта кетейік, аудан басшысының жыл басында бастау алған халық алдындағы қорытынды есебінің соңғы аялдамасы. Енді Президент жарлығына сәйкес жаңа форматтағы халық алдындағы есептік кездесу тоқсан сайын өтетін болады. Яғни, келесі кездесу бір тоқсаннан соң қайта басталады.

Серік АҚМЫРЗА
07 наурыз 2023 ж. 201 0

Киелі мекен - Жанкент

19 сәуір 2024 ж. 34

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930