Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «ЖЕҢІС» САЯБАҒЫ АБАТТАНДЫРЫЛУДА

«ЖЕҢІС» САЯБАҒЫ АБАТТАНДЫРЫЛУДА

Былтыр қыркүйек айында аудан орталығындағы 40 жылдық тарихы бар «Жеңіс» саябағын абаттандырып, Қазалы мәдени-демалыс кешеніне айналдыру жұмыстары басталған болатын. Биылда күн жылысымен саябақты абаттандыру жұмыстары жалғасып, саябақты мамыр айында пайдалануға беру жоспарлануда.
Бүгін аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбет тиісті сала басшыларымен және абаттандыру жұмыстарымен айналысып жатқан мердігер мекемелердің басшыларымен бірге «Жеңіс» саябағына барып, ондағы жоспарланған жұмыстарды талқылады.
Саябақта «Даңқ», «Тағзым», «Киелі қазақ елі», «Жастар» аллеялары және отбасылық мейрамханалармен, түрлі тамақтану орындары, демалыс орындары, спорт және балалар ойын алаңдарын салу жоспарланған. Бүгінде бұл нысандардың бірқатарының құрылыс жұмыстары басталған. Сонымен қатар кешенде аквапарк және жабық бассейн салынуда.
Аудан әкімі мұндағы жоспарланған жұмыстардың барлығы толықтай аяқталғаннан кейін мәдени-демалыс кешен аудан тұрғындарымен қатар көршілес аудандардың да халқының сүйікті демалыс орнына айналатын айтып, жұмыстарды жеделдетуді тапсырды. Сондай-ақ мұндағы әрбір жұмыс күнделікті бақылауында болатынын айтып, жұмыстың ең әуелі сапасына мән беруді тапсырды.
Айта кетейік, Қазалы ауданының орталығы - Әйтеке би кентінде орналасқан «Жеңіс» саябағы облыс аумағындағы көлемі жағынан ең үлкен 20 гектарды құрайтын саябақтардың бірі.
©Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
26 қаңтар 2025 ж. 456 0

Тілге құрмет – елге міндет

13 қыркүйек 2025 ж. 39

Тұрғындар тілегі назарда

13 қыркүйек 2025 ж. 31

Алқаптағы алғашқы орақ

13 қыркүйек 2025 ж. 27

Бішкекте жер сілкінді

12 қыркүйек 2025 ж. 136

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930