Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Халық қалаулылары жаңа жобамен танысты

Халық қалаулылары жаңа жобамен танысты

ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттары, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері Мұрат Ергешбаев пен Мұрат Әбенов жұмыс сапары аясында Әйтеке би кентіндегі «Жеңіс» мәдени-демалыс кешенін абаттандыру бойынша әзірленіп жатқан жобамен танысты.
Қазіргі таңда жоба-сметалық құжаттарын әзірлеуге қаржы қаралған. Ал құрылыс жұмыстары қаржыланған жағдайда абаттандыру жұмыстарына сәйкес, «Даңқ», «Тағзым», «Спорт» және «Жастар» аллеялары, балаларға арналған ойын алаңдары, отбасылық спорт алаңдары салынып, саябаққа толықтай қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілетін болады.

Өз кезегінде депутаттар көлемі кең саябаққа жоспарланған жұмыстар толығымен жасалса жергілікті тұрғындардың демалуына қолайлы орын боларын атап өтті. Сондай-ақ абаттандыру жұмыстарына байланысты бірқатар ұсыныс-пікірлерімен бөлісті.

Осы күні депутат Мұрат Әбенов Майлыбай елді мекеніндегі жеке кәсіпкер Есет Серімовтің шаруашылығымен танысты. «Жеңіс» шаруа қожалығы асыл тұқымды жылқы және түйе малын өсірумен айналысады. Бүгінде сүт, қымыз, шұбат өнімдерін аудан орталығына күн сайын жеткізіп отыр.

Мәжіліс депутаты шаруа қожалығының жұмысымен толықтай танысып, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.

#AMANAT
10 шілде 2024 ж. 150 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031