Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Алым жоспар артығымен орындалды

Алым жоспар артығымен орындалды

Қызылорда облысының жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының ұзындығы 3 418,5 шақырымды құрайды. Оның 1 014,5 шақырымы республикалық жолдарға тиесілі болса, 555-і облысқа, 1 849 шақырымы аудандық жолдарға жатады. Өткен жылы облыстық көліктік бақылау инспекциясының тексеру жұмыстарының нәтижесінде 1 070 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл салынған. Бұл туралы аталған инспекция басшысының орынбасары Гүлмира Пірназарова айтты.
– 2024 жылға арналған ҚР аумағы бойынша автокөлік құралдарының жүріп өтуі үшін алым жоспары 26 пайызға артығымен орындалды. Автомобиль көлігі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың қызметіне бақылауды қамтамасыз ету мақсатында инспекциямен 34 шаруашылық субъектіде тексеру жүргізіліп, 71 көлік заңнамасының бұзушылығы анықталды. Өздеріңіз білесіздер, ауыр салмақты жүктерді тасымалдаудың қарқындылы автомобиль жолының көтергіш қабілетіне тікелей қауіп төндіреді. Ал, біздің облыста құрылысқа қолданылатын инертті жүктердің барлығы халықаралық "Батыс Европа-Батыс Қытай" жолы арқылы Шиелі, Жаңақорған аудандарынан тасымалданады. Осыған байланысты, инспекция аталған аудандардың әкімшілігімен бірлесіп жүк жөнелтушілер мен тасымалдаушылардың қатысуымен көшпелі кеңестер ұйымдастырылып, міндеттері мен құқықтары түсіндірілді. Сонымен қатар, жол желісінің сақталуын қамтамасыз ету мақсатында өткен жылдың қазан айынан бастап тиісті сала өкілдерімен жұмысшы топ құрылып, республикалық маңызы бар "М-32 Самара-Шымкент" автомобиль жолының 1 831 шақырымында тәулік бойы көліктік бақылау жұмыстары атқарылды. Нәтижесінде, 60 тұлға жауапкершілікке тартылып, айыппұл салынды. Аталған шаралар бүгінгі күнге дейін жалғасып жатыр. Одан бөлек, темір жол көлігі саласы бойынша қызмет көрсететін 30 шаруашылық субъектілеріне тексеру жүргізіліп, заңнама талаптарын және күтіп ұстау ережелерін сақтамауына байланысты 12 кірме жол, 30 бағыттамалы бұрмалардың пайдалануы уақытша тоқтатылды. Ал, су көлігі саласы бойынша 57 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 249 шағын көлемді кемелерге қарау жүргізілді,- деді Гүлмира Жұмағалиқызы.
@Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
22 қаңтар 2025 ж. 219 0

Ауданда ахуал тұрақты

20 сәуір 2025 ж. 119

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

19 сәуір 2025 ж. 120

Ерліктің ерен үлгісі

19 сәуір 2025 ж. 114

Жазықсыздың наласы

19 сәуір 2025 ж. 101

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930