Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жолдың жайын жақсарту керек

Жолдың жайын жақсарту керек

Kyzylorda-news.kz «Алыс жүрсең де жолмен жолмен жүр» немесе «Жолдың жайын жүрген білер» деген халықтың ұрпағымыз ғой. Сол себепті де жол мәселесіне келгенде қызығушылық танытып жататынымыз жасырын емес. Қызылорда облысындағы жолдың сапасын, өткен жылы оның қанша шақырымы жөнделгенін, қанша көшеге асфальт төселгенін және биыл атқарылатын жұмыстың ауқымын білу мақсатында Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына хабарласқан едік.

Тиісті басқарманың берген мәліметіне сүйенсек, Қызылорда облысы аумағында жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 3418,5 шақырымды құрайды. Тарқатып айтар болсақ, оның 1014,5 шақырымы республикалық болса, 555 шақырымы облыстық та, 1849 шақырымы аудандық маңызы бар автомобиль жолдары. Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Жәнібек Шәкімбайұлы Сыздықовтың сөзінше, өткен жылы атқарылған істің ауқымы аз емес көрінеді.

– 2023 жылы жол инфрақұрылымын дамытуға республикалық және облыстық бюджеттен барлығы 38 млрд теңге бөлініп, ұзындығы 603 шақырымды құрайтын автомобиль жолдары, көшелер және көпір өткелдері жөндеуден өткізілді, – деді басқарма басшысы.

Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа сенсек, 2023 жылы «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында ұзындығы 49,2 шақырымды құрайтын облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарына құрылыс және қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілген. Бұдан бөлек «Жалпы сипаттағы трансферттер» бағдарламасы аясында ұзындығы 188 шақырым болатын облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдары күрделі және орташа жөндеуден өткізілген. Сонымен қатар «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында ұзындығы 10 шақырым болатын Қызылорда қаласындағы 2 көше мен 2 көпір жөнделген. «Кіші қалаларды дамыту» бағдарламасы аясында ұзындығы 13 шақырымды құрайтын 9 көшеге жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, 175 шақырымды құрайтын Қызылорда қаласы мен аудандарға қарасты елді мекендердің көшелері жөнделді. Атқарылған жұмыстың нәтижесінде индикаторлық көрсеткіш жақсарған.

– 2023 жылдың қорытындысымен облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының жақсы және қанағаттанарлық индикаторлық көрсеткішінің үлесі 87,5%-ға жеткізілді, – Жәнібек Шәкімбайұлы.

Басқармадағылар биылғы жұмыс жоспарымен де бөлісті. 2024 жылы жол инфрақұрылымын дамытуға республикалық және облыстық бюджеттен барлығы 27 млрд теңге бөлініп, ұзындығы 247 шақырымды құрайтын автомобиль жолдары, көшелер және көпір өткелдерін жөндеуден өткізу жоспарланған. Тарқатып айтқанда, «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында ұзындығы 33,5 шақырым болатын облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарына құрылыс және қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізу жоспарланыпты. Ал «Жалпы сипаттағы трансферттер» бағдарламасы аясында ұзындығы 57,9 шақырымды құрайтын облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарына күрделі және орташа жөндеуден өткізу жоспарға енген. Жол жағдайын жақсартуға қатысты бағдарламаның бірі «Өңірлерді дамыту» деп аталады. Бұл бағдарлама бойынша ұзындығы 22,2 шақырымдық Қызылорда қаласының көшесі мен көпірді жөндеу де назарға іліккен. Бұдан бөлек «Кіші қалаларды дамыту» бағдарламасы аясында ұзындығы 2,4 шақрымды құрайтын көшені жөндеу де жоспарда тұр екен.

Басқармадағылар бұл жұмыспен тоқмейілсімей облыстық бюджеттің қаржысына 54,4 шақырым болатын Қызылорда қаласы мен аудандарға қарасты елді мекендердің көшелерін жөндеуді де қаперге алған.

– Осы ретте, мемлекеттік бағдарламалар аясында облыстағы жол саласын дамытуға республикалық бюджетке 55,6 млрд теңгені құрайтын 88 жоба ұсынылды. 2024 жылға нақтыланған 48 жобаның 17,1 млрд теңгесі қолдау тауып, облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының жақсы және қанағаттанарлық индикаторлық көрсеткішінің үлесі 92%-ға жеткізу межеленген, – деді Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Жәнібек Сыздықов.

Қызылорда облысы бойынша облыстық, аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын күрделі және орташа жөндеуден өткізу үшін 8 жоба дайын көрінеді. Ұзындығы 116 шақырым екенін айта кетейік. Сонымен бірге 2 көпірді күрделі жөндеу үшін жобасы дайын болса, 3 көпірдің күрделі жөндеу жұмыстарына жобалық-сметалық құжаттары әзірленіп жатыр екен.

Жолдың жайын қаузап мақала жазған соң Қызылордадан Ақтөбеге дейінгі автобанның мәселесін қоса кеткенді жөн санадық. Өйткені осы екі аралықтағы жол жайы талайды толғандырып жүр. Батыс Қытай-Батыс Еуропа автобанының осы бөлігі тар екенін, ерсілі-қарсылы жүйіткіген көліктердің сыймай, тіпті бір-біріне соқтығысып жатқанын журналистер де, әлеуметтік желі қолданушылары да жазып келеді. Бұл мәселемен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та жақсы таныс. Өткен жылы өңірімізге сапармен келгенде облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа осы жолдың жай-күйін түгел мәлім еткен болатын. Мемлекет басшысы сол жерде бірден Үкімет басшысының орынбасарына мәселені мүмкіндігінше тез шешуді тапсырды. Жұрттың ендігі тілегі Президент пәрмені орындалып, халық үлкен жолдың игілігін ертерек көрсе екенке саяды.
Әзиз ЖҰМАДІЛДӘҰЛЫ
19 наурыз 2024 ж. 171 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 47

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930