Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қараңғы жолдан аулақ бол

Қараңғы жолдан аулақ бол

Фото: Жасанды интеллект
Нашақорлық – ол адам өмірін қараңғылыққа апаратын бірден-бір қауіпті жолдардың бірі. Адам денсаулығын құртып,болашаққа құрған жоспарын, барлық армандарын алға қойған мақсаттарын жойып, бүкіл өміріне қауіп төндіретін өте зиянды зат.
Қазіргі кезде есірткінің зияны қаншалықты зор екенін білмейтіндер де бар. Көптеген жастарымыз бұл заттарды өздерін және денсаулығын бұзу арқылы пайдаланады. Есірткінің барлық түрі адам денсаулығын айықпас ауыр дертке шалдықтырады. Ең бірінші қауіптілігі - тәуелділікті тудыруы. Бір пайдаланып көрген адам қайта-қайта қолдануға құштарлығы артады. Қазіргі көптеген жастарымыз, осы лас заттың соқыр құлына айналып барады. Әрбір адам есірткі таратудың және жарнамалаудың құқықтық салдары туралы білуі керек. Әр ата-ана өз баласының кімдермен араласатынын, бірге жүрген достары кімдер екенін, жалпы ортасын үнемі қадағалап отыру маңызды.
Құрметті ата-ана, жас дос! Егер сіздің жақын адамыңыздың, немесе балаңыздың сабақтағы үлгерімі нашарлап, сабаққа бармай және мінез-құлқында өзгерістер пайда болса, агрессия, көңіл күйінің бірден өзгеруі, үнемі шаршаңқы күйде жүруі, есірткі тұтынып жүргенінің белгілері болуы да ықтимал, сондықтанда дереу көмектесуге, дабыл қағуға асығыңыз. Ол адамды назардан тыс қалдырмаңыз.
Мен және сіз, осы белең алып тұрған дертке қарсы күресуіміз керек. Нашақорлықтан бойыңызды аулақ ұстап, салауатты өмір салтын ұстанып, болашағыңызды жарқын ету өз қолыңызды екенін ұмытпаңыз.
Нашақорлық-жанның қатерлі ісігі екенін үнемі жадыңызда ұстаңыз. Жаман пиғылды адамдардың арбауына түсіп, жас өміріңізді есірткіге айырбастамаңыз! Есірткіге қашанда «жоқ» деген сөзді айта біліңіз.
Сондықтанда аға-апалар, жас достар, сіздерді есірткісіз болашаққа нық қадам басуға, бойыңызды аулақ ұстауға, есірткісіз дұрыс жолды таңдауға шақырып, жас болсам да бас болып, үндемей қалмай, үндеу жариялаймын.
#есірткігеқарсы
#противнаркотиков

Баян Ахметова,
Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті
№266 мектеп-лицей
5 «Е» сынып




22 қаңтар 2025 ж. 233 0

Ауданда ахуал тұрақты

20 сәуір 2025 ж. 119

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

19 сәуір 2025 ж. 118

Ерліктің ерен үлгісі

19 сәуір 2025 ж. 114

Жазықсыздың наласы

19 сәуір 2025 ж. 101

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930