Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Себет доп бәсекесі

Себет доп бәсекесі


Аудандық дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімінің ұйымдастыруымен Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Спорт кешені ғимаратында баскетболдан ересектер арасында аудандық жарыс өтті.
Себет доп бәсекесіне ауданның мықты деген командалары қатысып, өзара бақ сынасты. Нәтижесінде №216 мектептің командасы жүлделі I орынды қанжығасына байласа, №234 мектептің командасы II орынды иеленді. Ал №249 мектеп-лицей командасы III орынды місе тұтты. Жеңімпаз және жүлдегер командаларды бөлім басшысы Орысбек Қаниұлы қорытындылап, әр аталым бойынша үздік ойыншыларды марапаттады.
Иә, баскетбол ойыны тек ересек адамдар ойнайтын спорт түрі емес. Баскетбол ойынын оқушылар төменгі сыныптардан бастап үйрене бастайды. Сондықтан бұл спорт түрі тек физикалық дамуға әсер етіп қана қоймай, мінезді тәрбиелеуге көмектеседі. Топта жұмыс істеуге үйретеді, тез шешім қабылдауға, стандарт емес шешімдерді іздеуге сеп болады. Баскетболдың кейбір жаттығуларының пайдалы болғаны соншалық, оларды көптеген емдеу-сауықтыру дене шынықтыру курстарына қосқан. Мәселен, допты себетке лақтыру қолдың буындарын, аяқ пен жауырын бұлшық еттерін дамытады, яки буын ауруларының жақсы алдын-алу шарасы бола алады.
Қош. Аудандағы баскетбол спорты әжептәуір дамыған. Оған жүлделі жеңістер мен атқарылған шаруалар дәлел. Белгілі бір уақытта ұйымдастырылып жүрген ойындар да көрерменнің көзайымына айналуда. Ал ұйымдастырушылардың айтуынша, алдағы уақытта мұндай додалар жиі ұйымдастырылып тұрмақ.
Айнұр ӘЛИ
21 қаңтар 2025 ж. 331 0

Маңызды ақпарат

07 желтоқсан 2025 ж. 115

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 170

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031