Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Партиялық бақылау комиссиясының отырысы өтті

Партиялық бақылау комиссиясының отырысы өтті


Бүгін аудандық партия филиалының Партиялық бақылау комиссиясының биылғы жылға алғашқы отырысы өтті. Оған комиссия төрағасы Әділбек Сарабеков төрағалық етіп, бірқатар комиссия мүшелері Zoom бағдарламасы арқылы онлайн қатысты.
Күн тәртібіне сәйкес алдымен партияның сайлауалды бағдарламасының ауданда 2024 жылға орындалу барысы туралы қаралып, партия филиалының Атқарушы хатшысы Нұрғиса Жалғасбаевтың хабарламасы тыңдалды. Ал аудандық ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі басшысының орынбасары Сапарбек Қуатов «Жер аманаты» комиссиясы мен «Ауыл аманаты» жобасының өткен жылға орындалуы туралы айтып берді. Сонымен қатар осы жобалардың биылғы жылға қалай жүзеге асырылатыны жайында тоқталды.

Отырыс барысында комиссия төрағасы Әділбек Сербайұлы комиссияның 2024 жылы атқарған жұмыстарын қорытындылап, алда тұрған маңызды міндеттерді белгіледі. Атап айтқанда, аудандағы жүргізіліп жатқан құрылыс нысандарына тұрақты партиялық бақылау жүргізу, сайлауалды уәделердің орындалуын қадағалау және т.б. бағыттар.

Мұнан соң комиссия мүшелері партияның бағдарламалық міндеттерін тиімді орындауға және қоғаммен тығыз байланыс орнатуға бағытталған 2025 жылға арналған жұмыс жоспарын бекітті.

Фото: Ернұр Кама
«AMANAT» партиясы Қазалы аудандық филиалының баспасөз қызметі 

16 қаңтар 2025 ж. 211 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30