Есірткі туралы ертегі
Бірде Айбар есімді өте талантты, ақылды, шымыр, әдепті бала болыпты. Оның қасиеттеріне қарап оны үлкені де, кішісі де құрметтепті. Ол өз ортасында да сыйлы жігіт . Бірақ, оны көре алмайтын,қызғанышы бар достары да баршылық екен. Айбардың бетіне күле қарап жүріп, артынан оған жек көрушілік көзқараспен қарайды екен.
Уақыттар өте олар оны көреалмаушылығын арттыра береді. Сонда олар Айбарды "жаман бала" атағына қалдыруға кіріседі. Бірақ, Айбарды жақсы жолдан тайдыру-оларға біраз қиыншылық тудырады. Сонда араларындағы ең қу бала-Санжар, Айбардың еш жаман ойсыз болғаны сонша "НАША" дегеннің не екенін білмейтіндігің пайдаланып, оны "жаман бала" атағына түсіріп қана емес, оның өмірін бір жола құртуды ойлайды.
Бір күні Айбар далада отын жарып қыстың қамына кірісіп жүрген кезде қасына жаңағы арам пиғылды ұйымдастырған достары келеді.
Олар Айбардың шаршап тұрған сәтін пайдаланып, оған "нашаны" беру жоспарыңа кіріседі;
-Сәлем, Айбар! Қалайсың? Біраз шаршап қалған сияқтысың ғой? Кел демалып ал. Мынау саған, Айбар! Бұны ішсең қуатың толып, мықты боласың.
Ойыңда еш жаман ойы жоқ Айбар достарының қандай қамқор екенің ойлап бірден "нашаны" ішіп алады.
Уақыт өте келе Айбар "нашаға" тәуелді болып, онсыз бір күнде жүре алмайтын болады. Оны байқаған қарыңдасы-Көркем бұл істі тез арада тоқтатып, Айбар көмекке мұқтаж екенің ұғады.
Көркем Айбардың өз басымен "нашаға" бет бұрмағанына сенімді болды. Айбарды жақсы көргендер жетерлік болғанымен, араларыңда жек көретіндер де бар екенің білетін.
Солай Көркем Айбарға көмек қолын созып, арада көп уақыт өтпей Айбарды бәрінен емдеп алады. Сонда, Айбар "нашаға" қалай келгенің зерттеу келе оны өзінің дос санап жүрген адамдары жасағанын табады.
Есесіне қазір ол сол достары болған адамдарының бетіне қарамастай болды.
Осының бәріңе өзінің шыдамдылығы және әрине, қарыңдасы- Көркемнің орасан зор көмегі тиді.
Аделина Жолмырза,
100 орта мектеп оқушысы