Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Есірткі жайлы ертегі»

«Есірткі жайлы ертегі»

Ерте, ерте, ертеде Адырбай деген хан болыпты. Ханныңүш ұлы болыпты. Ұлдары өте ерке, бетімен кеткен,айтқанды қылмайтын, шаруаға икемі жоқ, іздегендері тек ойын-сауық, қыдыру болыпты. Адырбай ұлдарын беттерінен қақпай , не айтса да тілектерін орындапты Ал анасы Айбарша өте ақылды, салихалы ана ұлдарына жақсы тәрбие беруге тырысыпты.Бірақ ұлдары аналарын тыңдамай, қарсы сөйлеп, ішіп-жеп,ойнап-күліп,қалағандарын істепті. Күндердің күнінде олар аңға шығуды ойластырады. Аналарының барма деп айтқан ақылын тыңдамай үшеуі аттарына мініп аңға шығып кетіпті.
Олар ауылдан өте ұзап кетіп, кеш те батып қалса керек қайтар жолдан адасып кетіпті. Ауылды таба алмаған соң өздері де, аттары да шаршап бір жерге келіп тоқтап, сол жерде қонып шығуды ойластырады. Аттарынан түсіп, ер-тоқымдарын бастарына жастанып ұйықтайды. Таңертең тұрса тоқтаған жерлері жап-жасыл ерекше шөптер өскен жер екен. Қызығып қолдарына алып иіскеп көреді.Хош иісті шөптен көңілдері көтеріліп, ұйқылары шайдай ашылады. «Мынау бір жақсы шөп екен, көңілімізге қандай жақты ауылға ала кетейік»-деп уыстап жұлып, дорбаларына салады. Тіпті қарындары ашып, шөлдегендерін ұмытса керек.Аттарына мініп ауылдарын іздеп жолға шығады.Кіші ұлдың қарыны ашып, жейтін ештең болмаған соң, жаңағы шөптен аузына салып шайнап отырыпты. Бір уақытта жаңағы кіші ұл өзінен-өзі қарқылдап күліп, лепіріп әңгіме айта бастапты. Оны қызық көрген екі ұлда жаңағы шөптен уыстап алып шайнап, оларда күле беріпті. Естері адасқан олар бастары ауған жақтарына жүре беріпті.Ал ұлдары үйіне келмеген ата – аналар ауыл болып, үш ұлды іздеп жолға шығады.Үш күн іздеп, үшінші күн дегенде алдарынан қарқылдасып күліп, аузы-бастары қисайып сөйлеп келе жатқан оларды көрген ата – аналары қуаныпты. Бірақ түрлерін көріп қатты қорқыпты. Өздерінен – өзі күліп, біресе жылап, біресе билеп, қасындағы адамдармен төбелесіпті. Көздері аларып, түрлері адам шошырлықтай өзгеріпті. Ата – аналары қорыққанынан оларды байлап ұстапты. Олар күннен-күнге ашуланып, жан-жағындағыларына соғып, бастары айналып, жаман болыпты. Ауыл адамдары оларды «айдалаға қонып жын соққан» депті. Содан жан-жаққа адамдар жіберіп емші-молдаларды алдырыпты.
Ешбір емші-молдалар жасаған ем қонбай, оларды емдей алмапты.
Шарасы қалмаған Адырбай хан өзі емші іздеп жолға шығады.Адамдардан сұрау сала отырып, тау етегінде бір емшінің бар екенін естейді. Үш күн үш түн жүріп емшіге жолыққан хан: «Баламды емдесең, байлығымның жартысын берем» деп емшіні ауылына алып қайтады. Олар келгенде ұлдардың жағдайы өте нашарлап кеткен екен.
Емші келе сала ұлдарды көріп тау етегінде өсетін тамырлар мен дәрілік шөптерден дәрі жасап ұлдарды емдеуге кіріседі. Бір апта емдеген соң, олардың беті бері қарапты. Өлім аузынан қалған ұлдар емшіге алғыстарын жаудырыпты. Емші олардың дорбаларындағы шөпті көріп, шошып кетіпті.Ол шөп өте улы,оны ешқандай қолдануға болмайтындығын, артығымен қолданса адам тіпті өліп кететіндігін айтыпты. Ол шөптің атауы есірткі екен.Мұны естіген хан барлық ауыл адамдарына ол шөпті қолдануға болмайтындығын айтып жар салып, есірткі өскен жердің барлығын тазартып,өртеп жіберіпті.
Осы жағдайдан кейін ханның үш ұлы да жақсы жаққа өзгеріп, аналарынының айтқанын тыңдап, ақылды, сабырлы жігіттерге айналыпты. Ал хан уәде бергендей емшіге байлығының жартысын беріп, сарайына емші етіп жұмысқа алыпты.

Тағыберген Бегімсұлу,
Қазалы ауданы
Басықара ауылы
№182 орта мектеп


10 қаңтар 2025 ж. 45 0

«Есірткі жайлы ертегі»

10 қаңтар 2025 ж. 46

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031