Қорқыныш пен жалғыздық
Бір күні Әділ есімді жігіт үлкен қалаға оқуға түсті. Ол ауылынан шыққан ақылды әрі еңбекқор бала еді, бірақ үлкен қаладағы тіршілік оған беймәлім болатын. Әділ жаңа достар тауып, олардың әсерімен өмірдің басқа қырын көре бастады.
Бір кеште жаңа достары оны ерекше кешке шақырды. Ол жерде адамдар бейтаныс заттарды тұтынып, ерекше көңілді болып көрінді. Сол сәтте бір жігіт Әділге жақындап:
– Өмірде барлығын көру керек. Мынау сенің проблемаларыңды ұмыттырып, өзіңді керемет сезіндіреді, – деп шағын оралған ұнтақ ұсынды. Әділ алғашқыда бас тартқанымен, достарының қысымы мен қызығушылығы оны бір рет байқап көруге итермеледі. Бірнеше күннен кейін сол бір рет қайталанып, сосын тағы да жалғаса берді. Әділ бастапқыда өзін жақсы сезінгенімен, уақыт өте келе оның оқуы да, денсаулығы да нашарлай бастады. Біраз уақыттан соң, оның есірткіге тәуелді болғаны айқын көрінді. Бірақ оны пайдалануға ақшасы жетпейтін еді. Осылайша, Әділ сол заттарды басқаларға сатуды бастады. Бұл жол оған жылдам ақша әкелді, бірақ оның өмірі тоқырауға ұшырады. Ол достарынан алыстап, күн сайын қорқыныш пен жалғыздыққа бата берді.
Бір күні Әділ есірткіні жеткізіп жүргенде полиция оны ұстап алды. Тергеу барысында оның алданғаны және өз еркінен тыс тәуелділікке түскені анықталды. Оның істеген істері үшін жаза тағайындалса да, оған тәуелділіктен арылуға мүмкіндік берілді.
Әділ өз өмірі жайлы көп ойланды. Ол өзі таңдаған жолдың қателігін түсініп, барлық қиындықты жеңуге бел буды. Емделіп шыққан соң, ол өз өмірін өзгертуді шешті.
Қуантқан Нұрқанат,
Қызылорда облысы
Қазалы ауданы
Қожабақы ауылы
№25 орта мектептің
6 «ә» сынып оқушысы