Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Шудың бойындағы қарасора туралы ертегі

Шудың бойындағы қарасора туралы ертегі

Алғашқы қауымдық құрылыс кезінде адамдар егін егіп күн көрген. Бірнеше жыл қатарынан еккен соң, ол жер жарамсыз болғасын, басқа тың жерге көшіп кетіп отырған, себебі ол кезде адамдар тыңайтқыш қолдануды білмейтін.
Бір түрік тайпасының көсемі Әлімсақ өз адамдарымен жаңа жер деп Шу өзенінің бойына барып егін егеді. Бірақ адамдар жалқау және ұйқыбас болып кетеді. Тайпа көсемі Әлімсақ өз көзіменен көрмекші болып барғанда адамдар терең ұйқыға кеткенің көреді. Оның себебі, Шу өзенінің бойында өсетін қарасораның исінен екенің біледі. Тайпа көсемі Әлімсақ ашуланып қолындағы қамшымен бәрін сабап оятып, дереу өсіп тұрған қарасораны орақпен орғызып, кепкен соң өртеуге бұйрық береді. Өртеген кезде оның исі де адамға әсер етіп, адамдар енді кепкен шөпті шегетін болған. Өмірге анаша шегу осылай енген екен. Тайпа көсемі Әлімсақ шарасыздықтан тайпаның ақсақалдарын жинап ақыл-кеңес құрады. Сол кезде ақсақалдар сөз сөйлеп қарасораны жеңу мүмкін емес екенің біліп, бұл жер қарғыс атқан жер сондықтан көшіп кеткен дұрыс деген шешім шығарады. Олар көшіп кеткенмен орнына басқа ел көшіп келгенмен табиғи жолмен өсіп өнетін бұл қарасорадан құтыла алмайды. Адамдар содан бастап наша шегумен күресіп келеді екен. Есірткімен күрес тек үлкендердің жұмысы ғана емес. Бұған мен сияқты оқушылар да өз үлесін қоса алады деп ойлаймын. Мысалы: шағын қойылым қойып, оны Тик Ток қылып түсіріп әлеуметтік желіге салуға болады. Жұмыла көтерген жүк жеңіл болады дегендей, бірлесіп ғасыр індетін жеңуге болады.
Нұрадин Медина,
№100 орта мектеп
4-сынып
13 қаңтар 2025 ж. 123 0

Ауданда ахуал тұрақты

20 сәуір 2025 ж. 116

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

19 сәуір 2025 ж. 115

Ерліктің ерен үлгісі

19 сәуір 2025 ж. 112

Жазықсыздың наласы

19 сәуір 2025 ж. 99

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930