Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Метапневмовирус: індет шектеуге іліге ме?

Метапневмовирус: індет шектеуге іліге ме?

Фото: Нұрболат Нұржаубай
Соңғы уақытта бұрын-соңды онша таныс емес, атауы кең тарай қоймаған індет жайында түрлі әңгімелер тарады. Қоғамда, бұқаралық ақпарат құралдарында таралып жүрген ақпарат көп. Метапневмовирус. Естіп па едіңіз? Денсаулық сақ¬тау министрлігі Жедел респираторлық вирустық инфек¬цияларға жататын метапневмовирустың (MPV) әлемде таралуына қатысты түсініктеме берді. Індет несімен қауіпті?

Жыл басталғалы Қытайда метапневмовирустық инфекциясының өршуі тіркелді. Бұл жаңалық қоғамда алаңдаушылық пен қызу пікірталас тудырды. Бірақ сарапшылар бұл жаңа қауіп емес екенін, оның көпшілікке таныс маусымдық құбылыс екенін түсіндіруде. Министрлік халықтың үрейін қашырған вирусқа сабырмен қарайды. Олар бүгінде Қазақстанда, бүкіл әлем сияқты, ЖРВИ және тұмаумен сырқаттанушылықтың маусымдық өсуі тіркелуде екенін айтады. Қаңтар айында өсім көрсеткен аурудың аптығы ақпан айының ортасынан бастап табиғи түрде басылады деп болжанған. Онда алаңдауға қандай себеп бар?
Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығының (ҰҒО) басқармасы 2025 жылғы 8 қаңтарда Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдай тұрақты екенін тағы да атап өтті.
– Біз эпидемиялық маусымның қызған шағындамыз. Әдетте, қаңтарда аурудың өсімі әрдайым байқалып, содан кейін ақпан айының ортасына қарай ол басылады. Қазір карантиндік немесе шектеу шараларын енгізуге негіз жоқ, – деді басқарма басшысы Айжан Есмағамбетова.
Сондай-ақ ол дәрігерлер эпидемиологиялық жағдайды вирустың жиілігі мен айналымы бойынша күн сайын дерлік қадағалап отыратынын атап өтті.
Еске салайық, елде 2024 жылдың 1 қазанынан бері 30 адамнан метапневмовирус анықталды. Ведомствоның айтуынша, бұл әлемнің көптеген елінде ондаған жылдар бойы таралған классикалық вирустардың бірі екен. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің мәліметінше, эпидемиялық маусымның басында (1 қазанынан бері – мин.) республика бойынша тұмауға жатпайтын вирустарға 8 360 үлгі зерттелген. Оның ішінде оң 1866 (22%), оның ішінде паратұмау – 178 (9,5%), РС вирусы – 433 (23,2%), метапневмовирус – 30 (1,6%), риновирус – 680 (36,4%), бокавирус – 113 (6,1%), аденовирус – 226 (12,1%), коронавирус – 206 (11,1%).
Ведомствоның айтуынша, метапневмовирус негізінен ауа арқылы тарайды. Аурудың негізгі белгілері – жөтел, тұмау, ентігу, дене қызуы, бас ауруы. Жедел респираторлық вирустық инфекция (ОРВИ) мен тұмаудың маусымға сай өршіп жатқанын алға тартқан министрліктің мәліметінше, 1 қазаннан бастап елде 2 миллионнан астам адам жедел респираторлық вирустық инфекцияға шалдыққан.
Кейінгі күндері кейбір басылымдар Қытайда “метапневмовирусы өршігені” жөнінде жазған. Дүниежүзілік денсаулық сақтау министрлігі әзірге реакция білдірген жоқ.
8 қаңтарда өткен үкімет брифингінде Білім министрі Ғани Бейсембаев Қазақстан мектептерінде метапневмовирусқа байланысты қандай да бір шектеулер енгізу жоспарланып отыр ма деген сұраққа жауап берді. Министр еліміздің білім беру жүйесінің түрлі сын-қатерлерге дайындығы жоғары екенін жеткізді. Айтуынша, бұл 2020 жылғы пандемия кезінде жинақталған тәжірибе екен.
– Сондықтан барлық колледждер мен мектептер осы жағдайға дайындалу үшін барлық қажетті заттармен толық жабдықталған. Бірақ бүгінде Денсаулық сақтау министрлігінің шешімін күту керек деп ойлаймын. Біз түрлі сынақтарға дайынбыз, – деді Ғани Бейсембаев.
Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова жақында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен байланысқа шыққанын хабарлады.
Адамның метапневмовирусы – бұл тыныс алу жолдарын зақымдайтын вирус. Ол әсіресе балаларға, қарт адамдарға және иммунитеті әлсіз жандарға қауіп төндіреді. Бұл вирус әлемнің кез келген жерінде кездеседі. Мамандардың айтуынша, барлық ересектер мен 10 жастан асқан балалар бұл вируспен өмірінде бір рет болса да ауырған. Бірақ вирусқа қарсы иммунитет ұзақ уақыт сақталмайды. Сондықтан қайта жұқтыру жиі кездеседі.
Метапневмовирус ауамен, яки жөтелгенде немесе түшкіргенде шыққан тамшылар арқылы беріледі. Сонымен қатар ол заттардың бетінде 6 сағатқа дейін сақтала алады. Егер адам осындай заттарды ұстап, кейін қолын мұрнына, көзіне немесе аузына апарса, вирус жұқтыруы мүмкін. Вирус біреуде жеңіл өтсе, енді біреуді қатты ауыртуы мүмкін. Оның ең жиі кездесетін белгілері – жөтел, мұрынның бітелуі, тұмау, демігу және дауыстың қарлығуы. Ал денсаулығы жақсы адамдар көбінесе жеңіл суық тию сияқты ғана ауырады немесе мүлде білінбей өтеді. Дегенмен кішкентай балалар, 65 жастан асқандар және иммунитеті төмен адамдар үшін бұл вирус өте қауіпті болуы мүмкін. Мұндай жағдайларда тыныс алу жолдарының төменгі бөліктері зақымданып, тіпті бронхит немесе пневмонияға алып келуі ықтимал. Вирус анықталуы үшін дәрігерлер мұрын-жұтқыншақтан сынама алып, ПТР анализін жасайды.
Метапневмовирусқа қарсы арнайы дәрі немесе вакцина әзірге жоқ. Жеңіл жағдайда жай ғана симптомдарды басатын ем жасалады. Ал ауыр жағдайларда науқастың тыныс алуын қолдау және аурудың себебін жоятын терапия қажет. Ал алдын алу жолы қандай? Әдеттегіше қолды жиі жуып немесе антисептик қолдану керек. Бетіңізге, әсіресе мұрын, ауыз, көзге кір қолмен тимеу қажет. Жөтелгенде немесе түшкіргенде аузыңызды орамалмен немесе шынтағыңызбен жабу керек. Адам көп жерлерде бетперде тағу және қашықтық сақтау қажет. Дұрыс тамақтану, спортпен шұғылдану және жақсы ұйықтау арқылы иммунитетті күшейту керек. Егер ауырсаңыз, үйде қалып, көп адаммен байланысқа түспеу, ал жақындарыңызбен араласқанда бетперде тағып жүріңіз.
Вирус маусымдық болғандықтан, әсіресе қыста және көктемнің басында сақтық шараларын ұмытпаған жөн.

Айнұр ӘЛИ
11 қаңтар 2025 ж. 38 0

Ауыл кәсібін өрлеткен

11 қаңтар 2025 ж. 42

«Есірткі жайлы ертегі»

10 қаңтар 2025 ж. 92

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031