Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Түркі әлеміндегі дағдарысқа қарсы коммуникациялардың рөлі

Түркі әлеміндегі дағдарысқа қарсы коммуникациялардың рөлі

VI Халықаралық журналистер медиа форумында HeadHunter компаниясының Орталық Азиядағы маркетинг және PR менеджері Мұхамед Бағдатұлы «Өзгеріс дәуіріндегі түркі әлемі: дағдарысқа қарсы коммуникациялар және беделді басқару» тақырыбында баяндама жасады. Спикер өз сөзінде Орталық Азия елдеріндегі коммуникация мен PR саласының өзекті үрдістерін, еңбек нарығындағы ашықтық пен сенімді ақпараттың маңызын атап өтті.
Оның айтуынша, HeadHunter компаниясы Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан нарықтарына еңбек саласына қатысты тұрақты ақпараттық хабарламалар таратады. Бұл деректерге сұраныстағы мамандықтар, алдағы жылдары дамуы күтілетін салалар, сондай-ақ жалақы деңгейі туралы нақты мәліметтер кіреді.
Мұхамед Бағдатұлы жалақы көрсеткіштерін беру кезінде медианалық жалақыны қолдану аса маңызды екенін атап өтті. Бұл көрсеткіш халықтың басым бөлігі алатын нақты жалақы мөлшерін көрсететін ең сенімді өлшем болып отыр. «Арифметикалық орташа жалақы көп жағдайда шынайы көріністі бере бермейді. Ал медианалық жалақы еңбек нарығының дәл ортасын көрсететін әділ көрсеткіш. Халықтың көп бөлігі 250-300 мың теңге көлемінде табыс табатыны осы талдаулар арқылы анық көрінеді», деді спикер.
Компания аймақтардағы жұмыс берушілер мен жұмыс іздеушілер арасында тұрақты түрде сауалнамалар жүргізіп, зерттеу нәтижелерін пайыздық көрсеткіштермен жариялайды. Бұл тәсіл еңбек нарығының динамикасын дәл бағалауға мүмкіндік береді.
Баяндамада дағдарыс кезеңіндегі коммуникацияларға да арнайы тоқталды. Спикердің айтуынша, кризистік коммуникация үш негізгі факторға сүйенеді: ақпараттың тез өзгеруі, аудиторияның сенім деңгейінің төмендеуі және деректердің бұрмаланып берілу қаупі. Мұндай жағдайда компаниялар қоғаммен ашық жұмыс істеп, нақты, дәлелденген ақпарат таратуға тиіс.
«Ақпарат бұрмаланған жағдайда жалған хабарлардың таралуы да жиілейді. Сондықтан біз БАҚ-пен тығыз байланыста болып, ресми арналар арқылы түсіндіру жұмыстарын тұрақты жүргіземіз. Бұл да алаяқтықтың алдын алудың да бір жолы», деді Мұхамед Бағдатұлы.
18 қараша 2025 ж. 39 0

Бүгінгі валюта бағамы

18 қараша 2025 ж. 133

Хабарландыру

18 қараша 2025 ж. 128

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930