Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Метапневмовирус - Денсаулық сақтау министрлігі ДДСҰ-ға жүгінді

Метапневмовирус - Денсаулық сақтау министрлігі ДДСҰ-ға жүгінді

Фото: depositphotos.com
Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі әлемде метапневмовирустың (HMPV) таралуына байланысты Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына (ДДСҰ) жүгінді. Бұл туралы вице-премьер Тамара Дүйсенова мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Премьер-министрдің орынбасарының айтуынша, қазіргі уақытта алдын алу шараларын жүргізу маңызды.
"Күні кеше ДСМ бұл мәселе бойынша өз пікірін білдірді. Денсаулық сақтау министрлігі ДДСҰ-ға ресми сұрау жолдады. Жауап келді – тек бізге ғана емес, басқа елдерге де. ДДСҰ бұл вирус елдерде жылдар бойы айналымда екенін айтып, алаңдауға негіз жоқ екенін хабарлады. Біз осыдан шығатын қорытындыны ұстанамыз. Жалпы, бұл қалыпты құбылыс. Тағы да ДДСҰ-ға сілтеме жасай отырып, айтамын, бұл біз бірге еңсеруіміз керек қалыпты кезең", – деді Дүйсенова.
Адам метапневмовирусы (HMPV) – тыныс алу жолдарын зақымдап, өкпенің жоғарғы және төменгі бөліктерінде қабыну тудыратын вирус. Бұл вирус алғаш рет 2001 жылы Нидерландта анықталған, бірақ кейбір деректер бойынша ол 1950-жылдардан бері адамдар арасында айналымда болуы мүмкін.
08 қаңтар 2025 ж. 156 0

Азаматтар алғысқа бөленді

16 қыркүйек 2025 ж. 116

Шаршы алаңдағы шеберлік

16 қыркүйек 2025 ж. 105

Еңсесін тіктеген елді мекен

16 қыркүйек 2025 ж. 111

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930