Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Метапневмовирус адамдарға үлкен қауіп төндірмейді – ДДҰ

Метапневмовирус адамдарға үлкен қауіп төндірмейді – ДДҰ

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) ресми өкілі Маргарет Харрис Женевада өткен баспасөз мәслихатында метапневмовирустың адамға аса қауіп төндірмейтінін жеткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com
Маргарет Харристің айтуынша, метапневмовирус инфекцияларының көбеюі маусымдық нормаға сәйкес болып отыр. 
"Тұмау әлі де ең көп таралған ауру. Ал респираторлық инфекциялардың ауқымы қыс мезгілінде көбеюі қалыпты жағдай",- деді ол.
Қытай билігі де ауруханалардың қазіргі жүктемесі өткен жылмен салыстырғанда төмен екенін жеткізді. Төтенше шараларды енгізу талап етілмейді.
Метапневмовирус алғаш 2001 жылы анықталған. Ол халық арасында бұрыннан тараған. Инфекция жөтел, мұрыннан су ағу сияқты суық тиюге ұқсас белгілер болады. Көп жағдайда оңай өтеді. Иммунитеті төмен топтардың, нәрестелер мен қарттардың асқыну қаупі жоғары.
Харристің айтуынша, вируста өлім қаупі “өте төмен". Бұл айтарлықтай эпидемиялық қауіптерді жояды.
ДДҰ барлық респираторлық инфекциялардың таралуын азайту үшін алдын алу шараларын сақтаудың маңыздылығын көрсетті:
  • Адамдар көп жиналатын жерлерде маска кию;
  • Үй ішін желдетуді;
  • Қолды үнемі жуу және гигиенаны сақтау.
Харрис бұл қарапайым шаралар қорғаудың тиімді әдісі болып қала беретінін атап өтті.
Еске салсақ, бұған дейін Батыс Қазақстан облысында метапневмовирустың екі жағдайы анықталған болатын. 
08 қаңтар 2025 ж. 197 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 154

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 145

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 155

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031