Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Әлеуметтік тауарлар бағасын негізсіз көтергендерге 50 млн теңге айыппұл салынды

Әлеуметтік тауарлар бағасын негізсіз көтергендерге 50 млн теңге айыппұл салынды

ҚР Сауда және интеграция министрлігі сауда саласындағы заң бұзушылықтардың алдын алу және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өсуін тежеу бағытында жүйелі жұмысты жалғастыруда.
Фото: ҚР Сауда және интеграция министрлігі
Елдің барлық өңірінде тұрақты негізде жұмыс істейтін өңірлік комиссиялар делдалдық тізбектерді зерделеп, баға қалыптастыру үдерісін кешенді түрде талдайды. Мұндай тәсіл тиімсіз делдалдарды және тауар бағасының негізсіз қымбаттау фактілерін дер кезінде анықтауға мүмкіндік береді.

- Жыл басынан бері жергілікті атқарушы органдар өңірлік комиссиялардың 960 отырысын өткізді. Нәтижесінде 2727 тиімсіз делдал және сауда үстемесін заңсыз көтеру фактілері анықталды. 2342 жағдай бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылып, 385 делдал жеткізу тізбегінен шығарылды. Комиссиялар жұмысының тиімділігі ҚМА, БҚДА, МКД және басқа да мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуы есебінен артты. Отырыстарға өндірушілер мен кәсіпкерлер шақырылып, қолданыстағы заңнама талаптары, соның ішінде сауда үстемесінің шекті мөлшері түсіндіріледі, - деп жазды ведомстводан.

Сонымен қатар әлеуметтік маңызы бар тауарлардың қозғалысын бақылауға бағытталған пилоттық жобаның аясында электрондық шот-фактураларды бірлесіп талдау жүргізілуде. Бұл құрал бағаның негізсіз өсуіне және артық делдалдық буындардың пайда болуына жол беретін тәуекелдерді жедел анықтауға мүмкіндік береді. Жыл басынан бері 10 миллионнан астам жеткізу тізбегі талданып, сауда заңнамасын бұзу қаупінің 914 белгісі анықталды.

- Жүргізілген талдау мен комиссиялардың жұмысы нәтижесінде аумақтық департаменттер ӘҚБтК-нің 204-4-бабы бойынша сауда үстемесін 15 пайыздан жоғары қолданғаны үшін 2438 әкімшілік қаулы қабылдады. Оның ішінде 1267 айыппұлдың жалпы сомасы 50,8 миллион теңгеден асты, сондай-ақ 1171 ескерту берілді. Электрондық шот-фактураларды талдау әлеуметтік маңызы бар тауарларға бағаны негізсіз көтерудің нақты жағдайларын анықтауға мүмкіндік берді, - делінген ақпаратта.

Мәселен, Батыс Қазақстан облысында «Жұлдыз» жеке кәсіпкерлігі «Илецкая» тұзының килограмын 55 теңгеден сатып алып, 90 теңгеден сатқан. Сауда үстемесі 63,6 пайызды құрады. Ұлытау облысында жеке кәсіпкер Байкенжинова З.М. «Eurasian Foods Corporation» АҚ-нан «Шедевр» күнбағыс майын (1 л) сатып алып, 1100 теңгеден сатқан, сауда үстемесі 22,22 пайызға жеткен. Қостанай облысында жеке кәсіпкер Кащенко И.Л. пиязды сатып алып, килограмын 150 теңгеден сатқан, сауда үстемесі 50 пайызды құраған.

Аталған фактілер бойынша кәсіпкерлерге ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 204-4-бабына сәйкес әкімшілік шаралар қолданылды.

Айта кетейік, Үкімет азық-түлік бағасына бақылауды күшейтеді.

18 қараша 2025 ж. 126 0

Бүгінгі валюта бағамы

18 қараша 2025 ж. 128

Хабарландыру

18 қараша 2025 ж. 122

Қараша – қыстың есігі

18 қараша 2025 ж. 106

Гүл өсіру де өнер

18 қараша 2025 ж. 115

Көгершіндер көрмесі

18 қараша 2025 ж. 111

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930