Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде -23°C дейін күн суытады

Елімізде -23°C дейін күн суытады

Мамандардың айтуынша, тұрақсыз ауа райының себебі – республиканың үстінен өтетін Атлант циклоны.
Фото: PixabayФото: Pixabay
2025 жылғы 18-20 қараша аралығында Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК синоптиктері жаңа болжамда хабарлады, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы. 
Мамандардың айтуынша, тұрақсыз ауа райының себебі – республиканың үстінен өтетін Атлант циклоны. Ол жаңбыр мен қар әкеледі, кей жерлерде төменгі боран мен мұз басу ықтимал.
"Елдің оңтүстік-батысы мен шығысында 19-20 қарашада антициклонның әсерінен құрғақ ауа райы, жауын-шашынсыз болады", – деп хабарлады "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, республиканың барлық аумағында желдің күшеюі мен тұман күтіледі.
Ауа температурасына келер болсақ, айтарлықтай өзгерістер болмайды. Тек елдің шығысында түнгі уақытта температура -6°С-тен -23°С-қа дейін төмендеп, күндіз +2°С-тен +10°С-қа дейін жылы болады.
Бұған дейін "Қазгидромет" РМК директоры Марина Шмидт елдегі климат өзгерістері туралы айтып, температураның көтерілуі мен жел жылдамдығының төмендеуі климаттың басты ерекшеліктері екенін атап өткен.

18 қараша 2025 ж. 188 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031