Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Медиа - өңірлік шиеленісті азайтудың басты құралы

Медиа - өңірлік шиеленісті азайтудың басты құралы

Алматыда өткен «Түркі әлемінің медиа кеңістігі: жаңа дәуірдегі міндеттер мен мүмкіндіктер» VI Халықаралық түркітілдес журналистер медиа форумында Әзірбайжан Журналистер одағының төрағасы Эльчин Шыхли өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі медианың рөлі туралы маңызды пікір білдірді. Оның айтуынша, медиа тек ақпарат таратушы емес, қоғамдағы ойды қалыптастырып, халықтар арасындағы сенімді нығайта алатын күшке ие болып келеді.
Эльчин Шыхли әсіресе 2020 жылғы Кавказ аймағындағы қақтығыстар кезінде медианың жауапкершілігі ерекше байқалғанын атап өтті. Сол кезеңде әлеуметтік желілерде тараған жалған ақпарат қорқыныш пен өшпенділіктің өршуіне себеп болған. Дегенмен, шынайылық пен бейбітшілік ұстанымын алға қойған бірқатар ұйымдар жағдайды тұрақтандыруға үлес қосты.
Атап айтқанда, Тбилисидегі Caucasian House қақтығысқа сезімтал журналистика бойынша тренингтер өткізіп, Әзербайжан, Армения, Грузия және Абхазия журналистерін біріктіре отырып, эмпатияға негізделген журналистиканың дамуына ықпал етті.
Seeds of Peace ұйымы Израиль, Палестина және өзге өңірлер жастарын бейтарап алаңда кездестіріп, тұрақты диалог орнатуға мүмкіндік жасаған.
Сондай-ақ, Al Jazeera «The Stream» онлайн платформасы әртүрлі елдің жастарын біріктіріп, бейбітшілікке бағытталған пікір алмасу алаңын ұсынған.
Шыхлидің айтуынша, медианың әрбір сөзі, визуалы немесе тақырып таңдауы қоғамдық көңіл-күйге тікелей әсер етеді. «Бір ғана жаңалықтың реңкі бейбітшілікке де, дағдарысқа да жол ашуы мүмкін. Сондықтан медиа қорқынышты емес, түсіністік пен эмпатияны күшейтуі тиіс», деді ол.
Эльчин Шыхли бейбітшілік саясатпен ғана емес, ақпарат, тіл және мәдениет арқылы да құрылатынын атап өтті. «Егер медиа үміттің үнін күшейтсе, халықтар арасындағы сенім қайта жанданады», деді әзірбайжандық спикер.
Айта кетейік, медиа форумға Қазақстан, Орталық Азия, Түркия, Еуропа елдерінен БАҚ жетекшілері, журналистер, депутаттар, үкіметтік емес ұйым өкілдері, қоғам қайраткерлері, PR мамандары және журналистика факультеттерінің оқытушылары мен студенттері қатысып жатыр.
18 қараша 2025 ж. 31 0

Бүгінгі валюта бағамы

18 қараша 2025 ж. 133

Хабарландыру

18 қараша 2025 ж. 128

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930