Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ақ бас сиыр мен байыстың ізбасарлары қайда?

Ақ бас сиыр мен байыстың ізбасарлары қайда?

Коллаж: Kazinform/Pixabay
KAZINFORM – Мал тұқымын асылдандыру дегенде ойға қазақтың ақ бас сиыры, еділбай мен байыс қойы ғана келеді. Оның бәрі Кеңес заманындағы ғылымның жетістігі деуге болады. Тәуелсіздік жылдарында неге төл тұқым деп айтуға тұратын жаңа мал нәсілі пайда болған жоқ? Ауыл шаруашылығы министрлігі Kazinform сауалына жауап жолдады.

https://kaz.inform.kz/news/ak-bas-siir-men-bayistin-zbasarlari-kayda-ashm-zhauabi-2846b1
- 2021-2023 жылдарға мал шаруашылығындағы ғылыми бағдарламаларды қаржыландыру аясында көптеген ғылыми жұмыс жүргізілген. Атап айтсақ, Қазақ мал шаруашылығы және жемшөп өндіру ғылыми-зерттеу институты «Қазақтың жылқысының адай типі «Ратторы-60» зауыттық айғырының аталық желісін шығару бойынша жұмыстар жүргізді. Соның нәтижесінде 2023 жылғы 29 желтоқсанда ҚР Әділет министрлігі жанындағы Ұлттық зияткерлік меншік институты «Адай» жылқы тұқымына патент берді. Осылайша, адай жылқылары ресми түрде дербес тұқым ретінде танылып, ҚР селекциялық жетістіктерінің мемлекеттік тізілімінде тіркелді, - деп жазылған жауапта.

Ресми мәліметте ауыл шаруашылығы саласындағы ғылымды дамыту үшін үш жылға 7 млрд теңгеге жуық қаржы қарастырылғаны айтылған.

- Қазіргі таңда министрлік «Ғылыми зерттеулерді және іс-шараларды бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру» бағдарламасы бойынша 2024-2026 жылдарға мал шаруашылығындағы ғылыми бағдарламаларды қаржыландыруға 6,9 млрд теңге қарастырып, конкурстық процедуралар өткізіліп жатыр. Аталған қаржы мал шаруашылығының барлық бағыттарына бөлініп отыр, - делінген ресми жауапта.

Еске салсақ, адай тұқымды қазақ жылқысының ерекше қасиеттері 2024 жылдың басында заңды түрде бекітілген болатын. 

10 қаңтар 2025 ж. 195 0

Ауданда ахуал тұрақты

20 сәуір 2025 ж. 116

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

19 сәуір 2025 ж. 115

Ерліктің ерен үлгісі

19 сәуір 2025 ж. 112

Жазықсыздың наласы

19 сәуір 2025 ж. 99

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930