Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мемлекет басшысы QazSwimAcademy спорт орталығының жұмысымен танысты

Мемлекет басшысы QazSwimAcademy спорт орталығының жұмысымен танысты

Қасым-Жомарт Тоқаев Астана қаласындағы заманауи QazSwimAcademy спорт орталығына барды.

️Орталық директорының айтуынша, бірегей кешенде спортшыларды даярлауға қажетті барлық жағдай жасалған. Ересектер мен балалар ұзындығы әртүрлі бес бассейнде жаттыға алады. Оның бірі 50 метрлік болса, екеуі 25 метрлік және екеуі 10 метрлік жүзу жолақтары бар бассейндер. Топтық жаттығулар 25 бағыт бойынша жүргізіледі. Сонымен қатар мұнда кәсіби жаттығу залы да бар.

️Академияны жоғары технологиялық үлгіде жабдықтауға баса назар аударылған. Бассейндерге судың құрамы мен реагенттердің мөлшеріне автоматты түрде талдау жүргізетін әрі тиімді залалсыздандыру мен қауіпсіздіктің жоғары деңгейін қамтамасыз ететін испандық қондырғы қойылған.

️Бұдан бөлек, нысан жүзуге қажетті машықтарды шыңдап, бұлшық еттерді ширататын арнаулы жаттығу құралдарымен жабдықталған.

Президент жас спортшылармен әңгімелесіп, мемлекет спорт инфрақұрылымдарын дамытуға ерекше мән беретінін айтты.

– Келешекте табысты болуларыңызға және олимпиада чемпионы атануларыңызға тілектеспін. Спорттың денсаулықты жақсартуда, сондай-ақ халықаралық жарыстарда еліміздің даңқын шығаруда маңызы өте зор. Сіздердің жеңімпаз спортшы әрі еліміздің лайықты азаматы болатындарыңызға сенемін, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Фото: Ақорда
t.me/aqorda_resmi

07 қаңтар 2025 ж. 149 0

Биіктей бер, бас қала!

05 шілде 2025 ж. 177

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031