Бастауыш партия ұйымында кезекті қабылдау өтті
Бүгін аудандық партия филиалының «ВЧД-6» бастауыш партия ұйымында орналасқан Қоғамдық қабылдау бөлмесінде аудандық мәслихат депутаты, партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Әліш Ғазиз Әлмәмбетұлы аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді.
Қабылдау барысында тұрғындар түнгі жарық шамдар орнату, жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер тақырыбындағы өтініштерімен жүгінді.
Атап айтқанда жеке қабылдауда 5 квартал ақсақалдар кеңесінің төрағасы А.Дінахметов Қ.Ерімбет орамына түнгі жарық шам орнату мәселесін көтерді. Сондай-ақ, 5 кварталға халыққа қажет жағдайда жылдам көмекке келуіне, құқықбұзушылықтарға дереу әрекет етуіне мүмкіндік беретін учаскелік полиция бекетінің және қолма-қол ақша алуға арнайы банкомат қажеттігін айтып, аталған мәселелердің шешілуіне ықпал жасауын сұрады. Тұрғын мәселесімен толық танысқан мәслихат депутаты, алдағы уақытта аталған өтінштер бойынша тиісті жұмыстар жүргізетіндігін айтып, орындалуын тұрақты бақылауына алатындығын жеткізді.
Қабылдауда болған екінші тұрғын өзінің жұмыссыз екенін айтып, жұмысқа орналастыруды және әлеуметтік көмек алу өтінішімен жүгінді. Жұмыссыздық мәселесі бойынша фракция мүшесі Ғазиз Әлмәмбетұлы ақылы қоғамдық негізде жұмысқа жіберу жолдарын қарастырып, ал әлеуметтік көмек алу өтініші бойынша жауапты сала өкілдерімен байланыса отырып, тиісті жұмыстар жүргізді.
#AMANAT