Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұлттық тәрбие – ұлт құндылығы

Ұлттық тәрбие – ұлт құндылығы

Жақында “Шұғыла” бөбекжай-балабақшасында “Біртұтас тәрбие” бағдарламасы аясында “Ұлттық тәрбие – ұлт құндылығы” атты апталық ұйымдастырылды. Жоспарланған ауқымды шара аясында түрлі мазмұнды тақырыптар қамтылды. Апталықтың соңғы күні “Ұлттық құндылығымыз – өшпес музыка” атты шара өтті.

Сан ғасырлық тарихы бар, атадан балаға мұра болып, бүгінге жоғалмай жеткен жәдігер – домбыра ұлттың ұлы мұрасы. Төл қазынаның құнын қастерлеп, жас ұрпаққа жеткізу мақсатын көздеген мазмұнды тәрбие жұмысында балабақшаның музыка жетекшісі Гүлмира Омаралықызы бүлдіршіндерге қазақтың киелі домбырасы туралы кең көлемде түсінік берді. Қонаққа шақырылған шебер ұста Ерболат Қанатбай домбыраның қыр-сырын ұқтырып, жасалу жолдарымен бөлісті. Домбыра қазақ халқының өмірінде маңызды орын алатын, өзіндік музыкалық ерекшелігі бар аспап екенін атап өтті. Балалар сұрақ қойып, білімдердін толықтырды.
Шара соңы апталықтың жабылуымен жалғасты. Балабақша меңгерушісі Айгүл Ерішева апталықтың өте жоғары деңгейде өткенімен бөлісіп, әріптестеріне ризашылығын жеткізді. Сондай-ақ дәстүрлі өнерді дәріптейтін жұмыстар жыл бойы тұрақты жүргізілетінін жеткізді. Бұл күні бүлдіршіндер әсем әннен шашу шашып, өнер көрсетті.

Нұргүл МЫҢБАЕВА
10 желтоқсан 2024 ж. 441 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 156

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 147

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 158

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031