Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұлыс күні ұлықталды

Ұлыс күні ұлықталды

Жақында №28 “Ақбота” бөбекжай-балабақшасында “Армысың, əз-Наурыз” тақырыбында іс-шара өтті. Музыка жетекшісі Рсалы Бержанованың ұйымдастыруымен өткен бағдарлама шымылдығы Дияс Алпысбай, Жанерке Мұратбек, Айболат Əбілтайдың орындауындағы “Құтты болсын, əз Наурыз” əнімен ашылды.
Өнерлі бүлдіршіндер Айдын Тарғын мен Айзере Оразхан айтыс өнерін көрсетсе, бір топ тəрбиеленушілер ұлттық аспаптарда орындау шеберліктерімен көпті тəнті етті. Əсемнұр Қашқынбай, Айнұрым Ғаниқызы салған халық əндерінен папуриді жұртшылық қосыла шырқады. Бұл күні “Қарлығаш” тобындағы Əмір Қабылбай, Ақзере Кеңшілік, Кəусар Мылтықбай да өнерлерін ортаға салды. Тәрбие орталығындағы би үйірмесі жетекшісі Ғани Бекмырза дайындаған “Көкпар”, “Қамажай” билері мен дене тәрбиесі нұсқаушысы Болат Төреханов əзірлеген асық, “Қораз күрес”, “Арқан тарту” секілді ұлттық ойын үлгілеріне кішкентайлар белсенді араласып, таным көкжиектерін кеңітті.
Шара соңында балабақша меңгерушісі Базаркүл Жолболды, əдіскер Жанат Əлменова, психолог Дана Көмекбаева балалар мен ұйымдастырушыларға алғыс айтып, мерекелік лебізін білдірді.

Айман СƏБИТОВА
27 наурыз 2021 ж. 2 650 0

Тасбақа тағылымы

18 қазан 2025 ж. 146

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031