Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстан жұмыссыздық бойынша ТМД елдері арасында алғашқы үштікте тұр

Қазақстан жұмыссыздық бойынша ТМД елдері арасында алғашқы үштікте тұр

ТМД елдері арасында жұмыссыздық бойынша Қазақстан Тәжікстан мен Әзірбайжаннан кейін үшінші орында тұр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Еnergyprom.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: Рexels.com

Биыл қаңтар-қыркүйек айларында Қазақстанда жұмыспен қамту саласындағы қызметтердің көлемі 374,6 млрд теңгеге жетті. Бұл 2023 жылмен салыстырғанда құндық мәнде 4,6%-ға аз.

ТМД елдерінің ішінде Қазақстан жұмыссыздық бойынша Тәжікстан (11,6%) мен Әзірбайжаннан (5,6%) кейін үшінші орында тұр. Қазақстаннан кейінгі орынға Өзбекстан (4,5%), Түркіменстан (4,3%), Беларусь (3,4%), Қырғызстан (3,3%), Ресей (2,5%) және Молдова (1,4%) жайғасты.

ILOSTAT мәліметінше, 2024 жылғы жұмыссыздық деңгейі бойынша Қазақстан Орталық Азияның 187 елінің ішінде 104-орынға тұрақтады. Бұл тізімде Африкада орналасқан Эсватини (34,4%) көш бастап тұр. Екінші орында Оңтүстік Африка (33,2%), Джибути (25,9%) үшінші орында тұр.

Басылымның мәліметінше, ресми статистика біршама жақсарған. Алайда сол күйі көрсеткіштер жоғары деңгейде қалды. Қазақстан бойынша жұмыссыздық деңгейі қалада – 4,6% болса, ауылдық жерлерде – 4,7%-ға жетті. Еліміздегі жұмыссыздықтың басты себептері:

Отбасылық жағдайларға байланысты (100,2 мың адам);
Өз еркімен жұмыстан босатылуы (95,6 мың адам);
Жұмысқа орналаса алмау (92,2 мың адам).
Көбіне жұмыссыз жүргенде бір айдай жұмыс іздейді. Биылғы жылдың үшінші тоқсанында еліміздегі жұмыссыз адамдардың саны 127,5 мың болды.
06 желтоқсан 2024 ж. 227 0

Қара шаңның қасіреті

17 қаңтар 2025 ж. 53

Есірткі туралы ертегі

17 қаңтар 2025 ж. 56

Сиқырлы гүлдің арбауы

16 қаңтар 2025 ж. 99

Есірткі туралы ертегі

16 қаңтар 2025 ж. 115

Адалдық

16 қаңтар 2025 ж. 100

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031