Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстан жалақы мөлшері бойынша әлемде 80-орында тұр – зерттеу

Қазақстан жалақы мөлшері бойынша әлемде 80-орында тұр – зерттеу

Фото: istockphoto.com
Жалақы деңгейі бойынша әлем елдері рейтингінде Қазақстан 196 мемлекеттің ішінде 80-орында тұр. ТМД елдерінің ішінде Қазақстан Ресейден кейін екінші орынға жайғасты. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Finprom.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Зерттеу мәліметінше, осы жылдың бірінші тоқсанында елдегі қызметкерлердің орташа айлық жалақысы 382,3 мың теңгені құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 12,2%-ға артық. Нақты жалақы индексі 102,7% құрады, бұл сатып алу қабілетінің сәйкесінше 2,7% артқанын көрсетеді.

Салыстырар болсақ, өткен жылдың сәйкес кезеңінде орташа айлық жалақы 340,6 мың теңгені құрады.

Өңірлер арасында Атырау облысында ең жоғарғы орташа айлық жалақы тіркелді – 604,1 мың теңге. Бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 2,3%-ға аз. Бұл өңір жалақысы төмендеген жалғыз аймақ болды.

«Ең жоғары жалақысы бар өңірлер: Маңғыстау облысы (571,4 мың тг, жылына +12,1%), Ұлытау облысы (501,6 мың тг, +11,3%), Астана (494 мың тг, +14,3%) және Алматы (454,2 мың тг, +16,4%).

ҚР бойынша ең төменгі жалақы Жетісу (270,2 мың теңге), Солтүстік Қазақстан (270,3 мың теңге) және Жамбыл (282,1 мың теңге) облыстарында тіркелген.

Салалар бөлінісінде дәстүрлі түрде тау-кен өнеркәсібі мен карьерлерді қазу саласындағы қызметкерлер көп алады: мұнда орташа жалақы 864 мың теңгені құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 12,7%-ға артық.

Ең «табысты» салалардың бестігінде қаржылық және сақтандыру қызметі (780,9 мың тг, жылына +29,7%), ақпарат және байланыс (654,9 мың тг, +21%), кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет (531,8 мың тг, +13,4%) және көлік және қоймалау (510,6 мың тг, +16,8%).

Елдегі ең төменгі жалақылардың кейбірі АӨК, өнер және демалыс, сондай-ақ сумен жабдықтау, су бұру және қалдықтарды жинау салаларында тіркелген», - делінген зерттеу мәліметінде.

CEOWORLD Magazine мәліметіне сәйкес, жалпы орташа айлық жалақы бойынша елдер рейтингінде Қазақстан 2024 жылдың басында 196 мемлекеттің ішінде 80-орында тұр. Елдегі жалақы 673 АҚШ долларын құрады.

ТМД елдері арасында Қазақстан Ресейден кейін тұр. Іргелес елдегі орташа жалақы 2,2 мың долларды құрады. ҚР-дан төмен рейтингте Түрікменстан (654 АҚШ доллары), Беларусь (621 АҚШ доллары), Армения (541 АҚШ доллары), Молдова (508 АҚШ доллары), Әзербайжан (494 АҚШ доллары), Украина (430 АҚШ доллары), Өзбекстан (351 доллар АҚШ доллары), Қырғызстан (228 АҚШ доллары) және Тәжікстан (169 АҚШ доллары) жайғасты.

Рейтингке сәйкес әлемдегі ең жоғары жалақы Швейцарияда байқалды: 8,1 мың АҚШ доллары. Көшбасшы елдердің үштігінде Люксембург пен АҚШ бар.

Ең төменгі жалақы Лесото (24 АҚШ доллары), Ангола (дол 27 АҚШ доллары) және Малави (31 АҚШ доллары) елдерінде байқалды.
22 маусым 2024 ж. 161 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 57

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930