Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жыл басынан бері Қазақстанда "ВИЧ" жұқтырған 3193 адам анықталды

Жыл басынан бері Қазақстанда "ВИЧ" жұқтырған 3193 адам анықталды


Фото:
ашық дереккөз
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының классификациясы бойынша Қазақстан індеттің шоғырланған сатысында тұр. Жыл басынан бері АИТВ-инфекциясын 3193 адам жұқтырған. Бұл туралы "Власть" жазды.

Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда ауруды анықтау көрсеткіштерінің 1,5%-ға төмендегенін көрсетеді, деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті.

2024 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша Қазақстанда 34 388 адам АИТВ дертімен өмір сүреді. Елде вирустың жыныстық жолмен берілуі басым, бұл 82,1%, екінші орында есірткіні қолдану - 14,2%. 2024 жылғы 31 қазандағы жағдай бойынша АИТВ-мен өмір сүретін 30 963 адам ем алып жатыр.

Жыл басынан бері шетел азаматтары арасында вирус жұқтырған 149 жағдай анықталса, 2023 жылдың 10 айында 158 жағдай тіркелген.

2024 жылдың 10 айында СПИД-тен 92 адам қайтыс болды, осы дерттен болатын өлім-жітім 22 пайызға төмендеді.

Денсаулық сақтау министрлігі антиретровирустық терапияны ерте бастау, вирустық жүктемені басу және аурудың дамуын динамикалық бақылау АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға бұл инфекциясы жоқ адамдар сияқты өмір сүру ұзақтығы мен сапасын қамтамасыз ететінін айтады.

01 желтоқсан 2024 ж. 120 0

Ауданда ахуал тұрақты

20 сәуір 2025 ж. 122

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

19 сәуір 2025 ж. 125

Ерліктің ерен үлгісі

19 сәуір 2025 ж. 117

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930