Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Су мәселесінің шешімі табыла ма?

Су мәселесінің шешімі табыла ма?

Судың тіршіліктегі алар орны бөлек. Десек те аудан тұрғындары арасында шілде айының алғашқы онкүндігінен бастап ауыз су тапшылығы қатты байқалды. Сондай-ақ Сырдария өзеніндегі су деңгейінің төмендеу жағдайы бүкіл облыстағыдай қазалылық егіншілердің де көңілін күпті етіп отыр. Бұл мәселелер аудан әкімдігінің дағдарысқа қарсы штаб отырысында кеңінен талқыланды.
Жағдай жөнделе бастады
Биылғы жазғы маусымда Қазалы ауданында ауыз суды тұтынушы тұрғындар саны бұрынғыдан 3 мың абонентке арта түскен. Оның ішінде ауласына бау-бақшаға егушілер де бар. Сонымен бірге ағымдағы жылдың 13-15 шілдесінде «Қосаман» учаскесінде электр тоғының уақытша ағытылуы, қажетті су көлемінің босқа далаға жайылуы және Арал ауданының «Ақбай» елді мекені тұсындағы ауыз су құбырынан белгісіз себептермен тұрғындардың мақсатсыз су алу фактілері жолықты. Осының бәрі ауыз су тапшылығының туындауына себепші болған. «Арал-Сарыбұлақ топтық су құбыры» мекемесінің мәліметіне сәйкес, «Қосаман» учаскесінде жұмыс істеп тұрған 14 скважинадан тәулігіне 19 000 текше метр ауыз су Арал және Қазалы аудандарына таратылған. Тұтынушыларға босатылған сол ауыз судың 7000-8200 текше метрі Әйтеке би кентінің үлесінде болса, Қазалы қаласына 800 текше метр,елді мекендерге 2000 текше метр көлемінде ауыз су беріліп отыр. Нақты кезеңде аптап ыстықтың беті қайта бастағандықтан Әйтеке би кентінде №1 жаңадан салынған сыйымдылығы 14000 текше метрлік су қоймасында 3600 текше метр ауыз су қоры сақталған. Қазіргі кезде ауылдық елді мекендерді де ауыз сумен қамтамасыз ету жағдайы тұрақталып келеді. Бұған дейін ауыз судың тұтыну көлемінің артуынан және су құбыры бойында қысымның төмендеуінен «Мелиоратор» мөлтек ауданындағы үйлерге, Төле би, Т.Бөріқұлақов, Дәулеткерей, Сайн, Ү.Түктібаев көшелерінде су ақпауы салдарынан арнаулы автокөлікпен ауыз су тасымалданып таратылды. Қазіргі таңда аталған көшелер бойындағы құбырлар бойына бақылау, тазалау жұмыстары атқарылып, ауыз судың уақытылы босатылуы жолға түсе бастады.
Тағы бір айтып өтерлік жайт, Әйтеке би кентінде орналасқан сыйымдылығы 21000 текше метр су қоймасында ауыз су көлемін өз мөлшерінде сақтауға тұрақты мән берілмеген. Аудан әкімі М.Ергешбаев тиісті сала басшыларына алдағы кезеңде мұндай келеңсіз жағдайдың орын алмауы үшін 21 мың текше метр су қоймасындағы ауыз су қорын молайтып, арнаулы жүйелерді ұдайы назарда ұстауды қатаң тапсырды.
Дария деңгейі төмендеп тұр
Бүгіндері Шардара су қоймасы мен Көксарай су реттегішінен жететін су көлемінің азаюына байланысты Сырдария өзенінің де деңгейі төмендеп отыр. Осыған орай аудан көлеміндегі егілген ауыл шаруашылығы дақылдарын суармалы судан тарықтырмау мақсатында аудан әкімдігі, шаруашылық басшылары және «Қазалысушар» өндірістік учаскесінің мамандарынан комиссия құрылды. Соның нәтижесінде Майлыбас ауылдық округі аумағынан өтетін Сырдария өзені бойындағы суды үзбей бақылау үшін өлшегіш құрал қойылып, оған жауапты адам бөлінді. Қазіргі таңда «Оң жаға» және «Сол жаға» каналдарын бір мезгілде сумен қамтамасыз ететін жағдай болмай отыр. Соған байланысты арналарға суды белгіленген кестеге сай кезекпен жіберу жүзеге асырылуда. Қолдағы бар мәліметке сүйенсек, 9 шілдеден бастап «Шардара» су қоймасынан 700 м3/сек, 20 шілдеден Қызылорда су қорынан 90+15 м3/ сек, 19 шілдеден бері «Әйтек» су қоймасынан 60+10 м3/сек су босатылуда. Дегенмен, оның Ә.Тыныбаев атындағы су торабына дейін жеткенінше біршама уақыт кетеді. Осындай қиын шақта мамандар сағатпен санаспай барлық шаруашылықтарда болып, егіс бригадирлерімен және бақша өсіруші қауым арасында түсінік жұмыстарын жүргізуде. Бар мүмкіндік қайткенде де қыруар еңбекпен өсірілген дақылдарды құрғақшылықтан аман алып қалуға жұмылдырылуда. Аудан көлемінде су тапшылығы қаупінің беті қайта қойған жоқ. Олай болса шаруашылық басшылары су айдау насостарын пайдалануды да естен шығармағандары мақұл. Аудан басшысы өзекті мәселелер жүйелі бақылауда болатынын айта келе, сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.
Сахи ҚАПАР
28 шілде 2018 ж. 3 346 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 43

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930