Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазалы ауданының әкімі су тапшылығын көріп отырған халықтан кешірім сұрады

Қазалы ауданының әкімі су тапшылығын көріп отырған халықтан кешірім сұрады

Қазалы ауданының халқын ауыз су тапшылығы алаңдатуда. Осы мәселе аудан әкімдігінің дағдарысқа қарсы штаб отырысында кеңінен талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазалы ауданының әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, 13-15 шілде аралығында «Қосаман» учаскесінде электр тоғының уақытша ағытылып, жеткізілуі қажет су көлемі далалық жерге жайылған. Сонымен қатар, Арал ауданының «Ақбай» елді мекені аумағынан өтетін ауыз су құбырынан белгісіз себептермен тұрғындардың мақсатсыз су алуы салдарынан ауыз су тапшылығы орын алып, қиындықтар туындады. Оның үстіне, биылғы жылы жазғы маусымға орай Қазалы ауданда ауыз суды тұтынушы тұрғындар санының, дәлірек айтсақ, 3 мың абонентке артуы да өз әсерін тигізген. «Арал-Сарыбұлақ топтық су құбыры» мекемесінің мәліметіне сүйенсек, «Қосаман» учаскесінде жұмыс істеп тұрған 14 скважинадан тәулігіне 19 000 текше метр ауыз су алынып, Арал және Қазалы аудандарына таратылған. «Тұтынушыларға тәулігіне берілген ауыз судың 7000-8200 текше метрі Әйтеке би кентінің үлесінде болса, Қазалы қаласына 800 текше метр, елді мекендер бойынша 2000 текше метр көлемінде ауыз су беріліп отыр. Нақты кезеңде ауа райының салқындауына байланысты ауыз судың тұтыну көлемі төмендеуінен Әйтеке би кентінде №1 жаңадан салынған сиымдылығы 14000 текше метрлік су қоймасында 3600 текше метр ауыз су қоры сақталған. Қазіргі кезде ауылдық елді мекендерде де ауыз сумен жабдықтау жағдайы тұрақталып келеді», - делінген аудан әкімі баспасөз қызметінің таратқан ақпаратында. Сонымен қатар, баспасөз қызметінің мәліметінше, негізінен, ауыз судың тұтыну көлемінің артуынан және су құбыры бойында қысымның төмендеуінен «Мелиоратор» мөлтек ауданы үйлерінде, Төле би, Т.Бөрқұлақов, Дәулеткерей, Сайн, Ү.Түктібаев көшелерінде су ақпауы себепті автокөлікпен ауыз су таратылып келді. Қазіргі таңда қысымы төмен көшелер бойындағы көру құдықтарына қайта ревизия жасалып, тазалау жұмыстары атқарылып, нәтижесінде халыққа ауыз су жеткізілуде. Бүгінгі күнге дейін Әйтеке би кентінде орналасқан сыйымдылығы 21000 текше метр су қоймасына өз дәрежесінде ауыз су көлемі сақталмаған. Бұл жайлы аудан басшысы Мұрат Ергешбаев жауапты сала басшыларынан халыққа ауызсуды іркіліссіз беру үшін жыл басынан бері су қоры резервуарына ауызсудың жеткілікті дәрежеде жиналмау себебін сұрады. Тіпті, «осы уақытқа дейін сабырлық сақтап отырған, ауызсудан тарыққан жұртшылықтан сала басшылары атынан кешірім сұраймын» деген аудан әкімі алдағы кезеңдерде келеңсіз жағдайлардың орын алмауы үшін 21 мың текше метр су қоймасындағы ауызсу қорын молайтып, ауыз су жүйелерін ұдайы бақылауға алуды, тұрғындарды ауыз сумен тұрақты түрде қамтамасыз етуге бағытталған жұмыстарды жалғастыруды, тапсырманың орындалуын қатаң қадағалауды тапсырды.
inform.kz
27 шілде 2018 ж. 1 699 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930