Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Семсерлесуден Қазақстан құрамасы әлем кубогында қола жүлде алды

Семсерлесуден Қазақстан құрамасы әлем кубогында қола жүлде алды

Қола жүлде үшін тартысты бәсекеде Францияны 35:34 есебімен ұтты.
Фото: ҰОКФото: ҰОК
Семсерлесуден Ванкуверде (Канада) өткен әлем кубогында Қазақстан ерлер құрамасы үздік үштікке кірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Спортты дамыту дирекциясынан мәлім еткеніндей, қазақстандықтар сапы жаттығуы бойынша қола жүлдеге ие болды.
Мажарстан құрамасы чемпион атанса, Жапония семсерлесушілері күміс медальді қанағат тұтты.
Жарыс барысында қазақстандықтар 1/8 финалда Гонконг құрамасын 45:31 есебімен тізе бүктірді. Ширек финалда Италиядан айласын асырды — 45:28. Жартылай финалда жапондарға 28:45 есебімен есе жіберді.
Қола жүлде үшін тартысты бәсекеде Францияны 35:34 есебімен ұтты.
Ұлттық құрама сапында Руслан Құрбанов, Эльмир Әлімжанов, Вадим Шарлаимов, Ерлік Сертай өнер көрсетті.

25 қараша 2024 ж. 212 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930