Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Тұман мен қар». Бүгін елімізде ауа райы қандай болады

«Тұман мен қар». Бүгін елімізде ауа райы қандай болады

Фото: pexels
«Қазгидромет» Қазақстан аймақтарында 25 қарашада болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстан Республикасы аумағының басым бөлігі ауқымды антициклонның ықпалында болғандықтан, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
— Республика бойынша, желдің күшейуі, түнгі және таңғы уақыттарда тұман күтіледі, — делінген хабарламада.
Астана қаласында күн жауын-шашынсыз, көшпелі бұлтты. Желдің екпіні секундына 2-7 метрге барады. Ауа температурасы күндіз -4°C дейін аяз болады.
Алматы қаласында көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз күн райы күтіледі. Қалада ауа температурасы күндіз +9°C дейін жылынады. Таулы аудандарда тұман күтіледі.
Шымкент қаласында аздаған жауын-шашын (негізінен жаңбыр) түседі. Ауа температурасы күндіз 14°C дейін жылынады. Қатты жел соғады деп болжанды. Кей жерлерде желдің екпіні 23 м/с дейін жетуі мүмкін.

25 қараша 2024 ж. 221 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930