Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Республикалық маңызы бар жолдарда KAZ және KZ жаңа индекстері бекітілді

Республикалық маңызы бар жолдарда KAZ және KZ жаңа индекстері бекітілді

Фото: "Қазавтожол" ҰҚ" АҚ баспасөз қызметі
Еліміздегі республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында KAZ және KZ жаңа индекстері бекітілді, деп хабарлайды Halyq Uni.

Көлік министрлігі ақпаратына сәйкес, KAZ индексі бірнеше өңір арқылы өтетін 23 автомобиль жолына берілген. Мәселен, Астана мен Алматыны жалғап, Қарағанды арқылы өтетін жол KAZ01 индексін еншілесе, «Астана-Көкшетау (айналма жолмен)-Петропавл-РФ шекарасы («Жаңа жол» өткізу пункті)» бағыты KAZ02 болып белгіленді.

KZ индексі бір өңірдің шегінде орналасқан республикалық маңызы бар 88 жол үшін қолданылады. Мәселен, Ақтөбе облысындағы «Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз» тасжолы KZ04-02 индексін алды. Онда көрсетілген «04» нөмірі өңірді, ал «02» нөмірі облыс шегіндегі жолдың реттік нөмірін көрсетеді. Жамбыл облысындағы «Меркі-Шу-Бурылбайтал» автомобиль жолы KZ08-04 деп белгіленді, мұндағы «08» өңірді, ал «04» облыс шегіндегі жолдың нөмірін білдіреді.

E және АН сияқты халықаралық келісімдер арқылы тағайындалған автомобиль жолдарының индекстері өзгеріссіз қалады. Бұл халықаралық көлік жүйесіндегі жүйелілік пен транзиттік қозғалыс жайлылығын қамтамасыз етеді, – делінген министрлік хабарламасында.

Автомобиль жолдарының тізімі, атаулары және индекстері сілтемеде берілген.
22 қараша 2024 ж. 241 0

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж. 120

Толымды тарту

04 қараша 2025 ж. 128

Мәңгілік мұраның мекені

04 қараша 2025 ж. 107

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930