Конституция
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде ең аз жалақы алатын тұрғындар қай өңірде тұрады?

Елімізде ең аз жалақы алатын тұрғындар қай өңірде тұрады?

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, Түркістан облысында тұрғындар санының 8%-дан астамының еңбекақысы күнкөріс деңгейінен де төмен.
Фото: © Depositphotos/4ex
Елімізде айлығы күнкөрісіне жетпейтіндердің көбі Түркістан, Жетісу мен Абай облыстарында тұрады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, Түркістан облысында тұрғындар санының 8%-дан астамының еңбекақысы күнкөріс деңгейінен де төмен. Абай, Жетісу, Маңғыстау облыстарында халықтың 7%-дан астамы аз жалақы алады.

Ал Атырау мен Қарағанды облыстарында және Астана қаласында жағдай салыстырмалы түрде жақсы. Аталған аймақтар мен елордада елдің тек 3%-ы ең төменгі күнкөріс деңгейінен аз айлықпен өмір сүріп отыр. Бұл – соңғы жарты жылдың статистикасы.

Экономист Бекнұр Қисықов халықтың тұрмыстық әл-ауқатын арттыру үшін шағын кәсіпкерлікке қолдау керек деп отыр.

“Біріншіден, өңірлерде өндіріс орындарын көп ашу керек. Екіншіден шағын кәсіпкерлікті аймақтарда, ауылдарда дамыту керек. Қазір мысалы Астана мен Алматы осының арқасында дамып жатыр. Шағын кәсіпкерлердің арқасында әлеуметтік ахуал жақсарады. Әр отбасының жағдай жақсарады”, – деді экономист Бекнұр Қисықов.

20 қараша 2024 ж. 191 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031