Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Теңізшевройлда» мұнай өндіру көлемі азайды

«Теңізшевройлда» мұнай өндіру көлемі азайды

Фото: Exclusive
Министрлік техникалық жұмыстарға байланысты азайтылды деп мәлімдеді. SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, «Теңізшевройлда» техникалық жұмыстарға байланысты мұнай өндіру көлемі азайды. Бұл туралы Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Энергетика министрлігі таратқан ақпаратқа сәйкес, кәсіпорында мұнай өндіру көлемі 28-30 пайызға төмендеп, тәулігіне 61-63 мың тоннаны құрады. «Екінші буын зауытында (ЕБЗ) 400-орнатылымдағы E-401A қазандық-утилизаторына жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін өндіріс көлемі ішінара тоқтатылды. Құрал-жабдықты тексеру барысында жергілікті коррозияға ұшыраған ақаулар анықталды», - делінген министрлік таратқан ақпаратта.
Жөндеу жұмыстарының алдын ала аяқталу мерзімі – 2024 жылғы 23 қараша. Еске салсақ, бұған дейін Энергетика министрлігі 2024 жылғы 2 мамырда сұйытылған мұнай газын автомобиль және теміржол көлігімен экспорттауға алты ай мерзімге тыйым салған болатын. Ішкі нарықтағы сұйытылған мұнай газ тапшылығын шешу мақсатында жасалған шектеу тағы жарты жылға ұзартты.


19 қараша 2024 ж. 118 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30