Қазақстанда алғаш рет такси нарығы қатысушыларының форумы өтеді
2024 жылғы 28 қарашада Алматы қаласында Қазақстанда алғаш рет "Такси Қазақстан 2024" форумы өтеді.
Таксимен тасымалдау – Қазақстанның қарқынды дамып келе жатқан салаларының бірі. Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 2024 жылдың алғашқы бес айында нарыққа қатысушылардың табысы 3 373,5 млн теңгені құрады. 28 437,5 мың адам тасымалданды.
Форумда талқыланатын тақырыптар:
Такси нарығын реттеудің жоспарлары мен болашағы;
Қазақстандағы такси нарығының болашағы;
Салық салу және таксидегі платформалық жұмыспен қамту;
Автопарктерді такси көліктерімен қамтамасыз ету;
Тұтынушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері;
Такси саласын қаржыландыру және сақтандыру;
Алматы қ. таксомоторлық паркін электрлендіру;
Форумның спикерлері:
Іс-шараның аудиториясы – ҚТЖБҚ-ның 1000-нан астам мүшесі және ірі такси парктерінің, агрегаторлардың, автомобиль және лизингтік компаниялардың, автомобиль бөлшектерінің брендтерінің өкілдері.
Тіркеудің басталуы 09:30-де.
Іс-шараға билетті форум сайтында сатып алуға болады.