Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандық спортшы төрт құрлық чемпионатында тағы топ жарды

Қазақстандық спортшы төрт құрлық чемпионатында тағы топ жарды

instagram.com/qaz.iceteam
Жапонияның Хатинохе қаласында өтіп жатқан конькимен жүгіруден 4 құрлық чемпионатының шешуші жарыс күні Ұлттық құрама қоржынына алтын медаль түсті, деп хабарлайды Аlmaty.tv Kazsports.kz-ке сілтеме жасап.

ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, ерлер арасындағы масс-стартта отандасымыз Виталий Щиголев мәреге бірінші жетіп, жеңімпаз атанды.

"Ұлттық құрама спортшысы мәреге санаулы сəттер қалғанда екі канадалық Давид ла Рун мен Хайден Майерден озып кетті. Бұл Қазақстан құрамасының Жапониядағы жарыстағы үшінші жүлдесі", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, Виталий 2022 жылы Канаданың Квебек қаласында өткен 4 құрлық чемпионатында 5000 метрге жарыста жеңіске жеткен.
Жалпы 4 құрлық чемпионаты деген Еуропадан басқа құрлықтағы мемлекеттің спортшылары сынға түсетін жыл сайынғы жарыс.
17 қараша 2024 ж. 117 0

Ана сүтінің маңызы

21 сәуір 2025 ж. 31

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930