Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қытайда ұшатын автокөлік көпшілікке көрсетілді

Қытайда ұшатын автокөлік көпшілікке көрсетілді

Қытайда GAC компаниясы GOVE деп аталатын ұшатын автокөлік жасап шығарып, көпшілікке көрсетті. 2027 жылға қарай мұндай көліктер қалаларда іске қосылмақ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі ixbt.com порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: GAC
Кир Булычевтің "Сто лет тому вперёд" фантастикалық әңгімесіне негізделген "Гостья из будущего" фильмі шыққан соң 40 жылға жуық уақыт өткен соң қытайлар GOVE деп аталатын ұшатын автокөлікті жасап шығарды.
Тұсаукесер 15-ші Қытай халықаралық авиация және аэроғарыш көрмесінде болды. Наурыз айында GOVE өзінің алғашқы ұшу демонстрациясын Гуанчжоудың орталық бизнес ауданынан төмен биіктікте қалалық ортада өткізді. Қыркүйек айында GAC ресми түрде Қытайдың орталық және оңтүстік аймағының азаматтық авиация басқармасы берген ұшқышсыз ұшу аппаратының арнайы сертификатын алды.
Фото: GAC
GOVE – бұл бөлек конфигурацияны қолданатын толық электрлік тік ұшу және қону ұшағы (eVTOL). Ал GOVE шассиі – бұл eVTOL кабинасының ақылды ұшу-қону платформасы әрі мобильді зарядтау станциясы. Кабина шасси бөлігінен ұшқан соң, шасси ең жақын қуаттау станциясын тауып бара алады. Ал ұшып кеткен кабина қонуға дайын болған кезде, жақын маңдағы шассимен байланыс орнатады. Шасси оның дәл қонуына көмектесіп, кабинаны қайта қуаттайды.
Фото: GAC
GOVE кабинасында 12 бұрандалы 6 осьті көп роторлы конфигурация бар. Ал бір осьті көтеру максималды ұшу массасының үштен бірінен асады. Оған осы уақытқа дейін 400-ден астам ұшу тексерулері жүргізілген.
2027 жылға қарай GAC Гуандун, Гонконг, Макао үлкен шығанағы аймағындағы екі-үш қалада ұшатын көліктердің пилоттық жұмысын іске қосуды жоспарлап отыр.


15 қараша 2024 ж. 39 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930