Қазақстандық мергендер Азия рейтингінде көш бастап тұр
Стендтік атудан Қазақстан құрамасының спортшылары Азия рейтингінде көш бастады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: ҰОК
Азия атқыштар конфедерациясы (ASC) жаңартылған рейтингін ұсынды. Стенд атудан екі бірдей қазақстандық спортшы бірінші орынды иеленді. Эдуард Ещенко “скит” жаттығуында 1629 ұпай жинап, көшбасшылық орнын сақтап тұр. Әйелдер арасында осы дисциплинада Әсем Орынбай 1722 ұпаймен азиялық рейтингтің бірінші сатысына шықты. Сонымен қатар, Зоя Кравченко 1130 ұпаймен жетінші орында.
Айта кетейік, тағы бір қазақстандық спортшы Мария Дмитриенко “трап” жаттығуында 1200 ұпаймен бесінші орынға жайғасты.