Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жедел жәрдем бригадасының жұмысына қандай өзгеріс енетіні белгілі болды

Жедел жәрдем бригадасының жұмысына қандай өзгеріс енетіні белгілі болды

Жедел жәрдем бригадалары тәулігіне 25 мыңнан астам шақыртуға барады.
Фото: inbusiness.kz
Шақырулардың төртінші жеделділік санатын емханалардағы мобильдік бригадаларға беру көзделіп отыр. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті редакцияның ресми сауалына берген жауабында хабарлады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ақпаратқа сәйкес, облыстық және қалалық жедел медициналық жәрдем станцияларында бір ауысымда 1 491 көшпелі жедел жәрдем бригадасы жұмыс істейді, оның ішінде 266-сы мамандандырылған (дәрігерлік), 1 225 фельдшерлік бригада.
Фельдшерлік және мамандандырылған бригаданың құрамы шақырту жеделділік санаттарына байланысты дәрігер, фельдшер, жүргізуші; екі фельдшер, жүргізуші және бір фельдшер, жүргізуші болып бөлінеді.

"Жеделділіктің 1-3 санатындағы шақыртуларын орындаумен бірге жедел медициналық бригада қызметін жаңа жүйеге бейімдеу, яғни медициналық-санитариялық алғашқы көмек (әрі қарай – МСАК) көрсету ұйымдарының жұмыс уақытынан тыс уақытта жеделділіктің 4 санаты бойынша шақыртуларға медициналық көмек көрсету үшін республика бойынша жедел медициналық бригада станцияларына қосымша 379 бригада қажет", – делінген редакция тілшісінің ресми сауалына берілген жауапта.


Жедел жәрдем жұмысына қандай өзгерістер енгізіледі?
Қазақстандағы жедел жәрдем шақырулары жеделдіктің 4 санатына бөлінеді. 1-3 жеделділік санаттары – медициналық көмек көрсетпеген жағдайда өмірге тікелей немесе ықтимал қауіп төндіретін науқастың жағдайы.

"Жеделділіктің 4 санаты бұл науқастың өмірі мен денсаулығына тікелей және ықтимал қатер болмаған кезде, ағзалар мен жүйелердің кенеттен және айқын бұзылуынсыз, жіті аурудан немесе созылмалы аурудың өршуінен туындаған пациенттің жағдайы. Өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін қаралып жатқан заң жобасына дейін тәулік бойы шақырулардың 4 жеделділік санатына медициналық-санитарлық алғашқы көмек ұйымдарында ұйымдастырылған жедел медициналық көмек бригадалары тәулік бойы қызмет көрсетіп келді. Алайда қазір бұл норманы өзгерту көзделіп отыр, яғни шақырулардың 4 жеделділік санатына медициналық-санитарлық алғашқы көмек ұйымдарының мобильдік бригадалары медициналық-санитарлық алғашқы көмек қызмет көрсету аймағындағы адамдарға олардың жұмыс уақытында (сағат 08:00-ден 20:00-ге дейін) медициналық қызмет көрсетеді. Барлық қалған уақытта жеделділіктің 1-3 санатына, сондай-ақ медициналық-санитарлық алғашқы көмек ұйымдарының жұмысынан тыс уақытта (сағат 20.00-ден 08.00-ге дейін) 4 санатқа тәулік бойы жедел медициналық көмек бригадалары медициналық қызмет көрсететін болады", – деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті.


Жауапта көрсетілгендей, жағдайы ауыр емес пациенттерге (мысалы, бас ауруы, жеңіл жарақаттар және т.б.) емханаларға бару ұсынылады. Бұл өмірге қауіп төндіретін жағдайларға тап болған пациенттер үшін жедел жәрдемнің қолжетімділігін жақсартуға мүмкіндік береді, делінген жауапта.

Министрлік бұл қадамды ресурстарды оңтайландырумен, яғни ауыр науқастар мен зардап шеккендерге басымдық беру үшін медициналық персонал мен техниканы ұтымды пайдаланумен түсіндіріп отыр.

Еліміздің емханаларында қанша мобильді бригада бар?
"МСАК жанындағы мобильді бригадаларды ұйымдастыру халыққа сапалы, уақтылы және тиімді медициналық көмекті қамтамасыз етуге бағытталған. Бұйрық жобасына сәйкес ұйымдастыру жоспарлануда – 25000 тұрғынға шаққанда 1 мобильді бригада. Мобильді бригада құрамына дәрігер/фельдшер және жүргізуші кіреді. МСАК мобильді бригадалары үшін мамандандырылмаған жеңіл автокөлікті пайдалану көзделген. Мобильді бригадалар күн ішінде жүктемені тиімді бөлуді қамтамасыз ете алады. Нәтижесінде жедел медициналық көмек шұғыл медициналық көмекке мұқтаж пациенттердің шақыруларына назар аудара алады. МСАК мобильді бригадалары белгіленген аурулар мен жай-күйлер тізбесіне сәйкес жеделдіктің 4-санатындағы шақыруларға қызмет көрсететін болады", – делінген департамент жауабында.


Әрбір медициналық ұйымның қажеттілігіне сәйкес қызметкерлер құрамы анықталатын болады деп көрсетілген.

Фельдшерлердің қанша жалақы алатыны айтылды
"Дәрігерлер мен фельдшерлердің жалақысы еңбек өтіліне, біліктілік санаттарына байланысты және тиісті қосымша ақылардан және үстемеақылардан қалыптастырылады, ал жүргізушілердің жалақысы еңбек өтіліне қарамастан бірыңғай разрядпен есептеледі және тиісті қосымша ақылар мен үстемеақылардан қалыптастырылады. Осылайша, қазіргі уақытта жедел медициналық көмек станцияларында жұмыс өтілі 20 жылдан асатын және одан жоғары дәрігерлердің жалақысы – шамамен 350 мың теңгені құрайды. 15 жылдан астам тәжірибесі бар фельдшерлерде – шамамен 280 мың теңге. Жүргізушілерде – 200 мың теңгеден жоғары", – деп хабарлады департамент.

Жергілікті атқарушы органдардың ақпаратына сәйкес, қосымша төлемдерді, ақылы қызметтерді, жан басына шаққандағы кешенді нормативтің ынталандырушы құрамдас бөлігі бойынша төлемдерді, 2024 жылғы 3 тоқсандағы сараланған төлемдерді ескере отырып, орташа жалақы: фельдшер – 319 мың теңге.

Жедел жәрдем бригадаларына тәулігіне қанша қоңырау түседі?
Жедел медициналық көмек станциясына түскен қоңыраулардың 90% жуығында бригадалар шақыртуды орындайды, 10,1%-ында аға дәрігер консультация береді, 3,1% – жалған шақыртулар. Республика бойынша жедел медициналық көмек бригадалары тәулігіне 25 мыңнан астам шақыртуды орындайды. 2024 жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша бірінші жеделділік санатындағы шақыртулар – 4,9%, екінші жеделділік санатындағы шақыртулар – 29,8%, үшінші жеделділік санатындағы шақыртулар – 29,0%, төртінші жеделділік санатындағы шақыртулар 36,4%-ды құрады.
14 қараша 2024 ж. 62 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 53

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930