Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстан атом энергетикасын 3 есе ұлғайту туралы декларацияға қосылды

Қазақстан атом энергетикасын 3 есе ұлғайту туралы декларацияға қосылды

Фото: Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі
Қазақстан 2050 жылға қарай атом энергетикасын үш есе ұлғайту туралы декларацияға қосылды. Бұл жөнінде Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов Бакуда өтіп жатқан БҰҰ-ның COP29 климаттың өзгеруі жөніндегі конференциясы барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Halyq Uni.

Оның айтуынша, бұл қадам Париж келісімінің мақсаттарын орындау үшін әлемдік экономиканы декарбонизациялауды жеделдетуге және парниктік газдар шығарындыларын азайтуға бағытталған.

Қазақстанның 2050 жылға қарай атом энергиясын үш есе ұлғайту туралы Декларацияға қосылуы – тұрақты және экологиялық таза болашаққа жасалған маңызды қадамымыз. Біз энергетикалық қауіпсіздікті нығайтып қана қоймай, ортақ мақсатқа жету үшін әлемдік қоғамдастықпен ынтымақтаса отырып, көміртегі шығарындыларының жаһандық төмендеуіне елеулі үлес қосуға тырысамыз, – деді вице-министрі.

Париж келісімінің алғашқы жаһандық шолуы аясында атом энергетикасы температураның 1,5 °С-қа өсуін шектеуге жетудің негізгі шешімдерінің бірі ретінде танылды.

Қазір декларацияға 26 мемлекет қосылды: Армения, Болгария, Канада, Хорватия, Чехия, Финляндия, Франция, Гана, Мажарстан, Ямайка, Оңтүстік Корея, Молдова, Моңғолия, Марокко, Нидерланды, Польша, Румыния, Словакия, Словения, Швеция, Украина, БАӘ, Ұлыбритания, Америка Құрама Штаттары және Қазақстан.

Қазақстанның атом энергетикасын 3 есе ұлғайту туралы декларацияға қосылуы елдің орнықты даму мақсаттарына бейілділігін және климаттың өзгеруіне қарсы күреске елеулі үлес қосуға дайын екендігін білдіреді. Қазақстан атом энергетикасын 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізуге, таза энергия көздерінің үлесін ұлғайтуға және сенімді энергиямен жабдықтауды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін өзінің болашақ энергия теңгерімінің маңызды компоненттерінің бірі ретінде қарастырады, – делінген Энергетика министрлігінің хабарламасында.

Сондай-ақ, Қазақстан бейбіт атомды дамыту жөніндегі халықаралық бастамаларға белсенді қатысуға және осы саладағы жетекші мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты кеңейтуге ниетті екені атап өтілді.
14 қараша 2024 ж. 150 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 160

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 148

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 168

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031