Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандықтар стоматология қызметінің сапасына жиі шағымданып жүр

Қазақстандықтар стоматология қызметінің сапасына жиі шағымданып жүр

Қазақстандықтар еліміздегі стоматология қызметінің сапасына жаппай шағымдана бастады. Мамандар мұның бір себебі – дәрігерлердің біліктілігінің жеткіліксіздігі, құрал-жабдықтардың ескіруі және науқастың ауру тарихын білмеуінде екенін айтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның “Информбюро” жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: Видеодан скрин

Тіс дәрігерінің қабылдауында болған Сергей Троцан бірнеше жыл бойы тісі ауырып, қиналған. Дәрігер оған тіс мостигін орнатқан. Кейін ауырсыну басылмаған соң науқас басқа дәрігерге барған.

“Бір жағыммен шайнай алмаймын. Ауырсыну басылады деп ойладым. Бірақ жұбайым басқа дәрігер баруға көндірді. Ол тіс мостигінің толықтай дұрыс орнатылмағанын айтты. Дәрігер дұрыстап орнатып берді. Содан кейін тамақ шайнай алатын болдым”, – дейді Сергей Троцан.

Өткен жыл мен соңғы тоғыз айда Денсаулық сақтау министрлігі науқастардың шағымы бойынша 162 тексеру жүргізген. Көбіне қазақстандықтардың протездеу, имплантация, емдеу және тіс жұлу қызметтерінің сапасына көңілі толмайтыны белгілі болды. Бұл процедураларлың салдарынан жиі инфекция мен асқынулар пайда болады, сау тіндердің зақымданады. Мамандардың айтуынша, шағымдарға дәрігерлердің біліктілігінің жоқтығы, науқастардың аурулар мен аллергиялық реакциялардың бар-жоғын ескермей диагноз қойылуы себеп болады.

Бұл ретте Қазақстандық бірыңғай стоматологиялық қауымдастық президенті науқастардың тарапынан да негізсіз шағымдар түсетінін айтады.

“Барлық жағдайда тіс дәрігері кінәлі деп біржақты айтуға болмайды. Осы арқылы бизнес жасап отырған науқастар да бар”, – дейді медицина ғылымдарының докторы, профессор, Бірыңғай қазақстандық стоматологтар қауымдастығының президенті Сәуле Ессембаева.

Науқастар тіс дәрігеріне жүрек-қан тамырлары аурулары, қант диабеті және аллергия сияқты созылмалы аурулары барын ескерту керек. Сондай-ақ мамандар науқастар ішіп жүрген дәрі-дәрмегі мен жүктілігі туралы айтқаны да маңызды екенін ескертті.
14 қараша 2024 ж. 48 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 43

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930