Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанға тағы 525 млрд теңге қайтарылды

Қазақстанға тағы 525 млрд теңге қайтарылды

Қаражат әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға бағытталады
Фото: Үкімет
Үкімет басшысы Олжас Бектеновтің төрағалығымен Активтерді қайтару мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Комиссия «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Заң субъектілерінің жалпы сомасы 525 млрд теңгеден астам қаражатты мемлекет пайдасына аудару және әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру жөніндегі келісімдерін мақұлдады. Қаражатты Арнаулы мемлекеттік қорға аударумен қатар, Заң субъектілері есебінен келесі объектілердің құрылысы мақұлданды: Арқалық қаласында дарынды спортшы балаларға арналған 120 орындық спорттық кешен, Астанада тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған оңалту орталығы, Алматыда ерекше қажеттілігі бар адамдарға арналған 400 орындық жаттығу орталығы.

«Мемлекет басшысы атап өткендей, қайтарылған барлық қаражат қазақстандықтардың игілігі үшін жұмыс істеуі тиіс. Биылғы жылдың басынан бастап Комиссия қайтарылған активтер бойынша жалпы сомасы 900 млрд теңгеден астам келісімдерді мақұлдады. Бұл қаражатқа бірқатар әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің құрылысы басталды», — деп атап өтті Олжас Бектенов.


Бұған дейін, Президент тапсырмасы бойынша Арнаулы мемлекеттік қордан Ақмола облысындағы Зеренді ауылында спорттық кешен және Түркістан облысындағы Темірлан ауылында музыка мектебінің құрылысына қаражат бөлінді.
08 қараша 2024 ж. 122 0

Бәрі бала болашағы үшін

12 сәуір 2025 ж. 129

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930